Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң)
және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысы
(2006.15.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 3 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. № 1671; 11.06.03 ж. № 561 (бұр. ред. қара) қаулыларымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесі бекітілсін.
2. Төлеушілер 1998 жылғы 31 желтоқсанға дейін жинақтаушы зейнетақы қорларына есептеген, бірақ олар аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес аударуға жатады.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1-қосымшаға сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының