«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 9 тамыздағы № 224-ө Өкімі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың
мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру
жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 9 тамыздағы № 224-ө Өкімі

 

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

 

 

Премьер-Министрінің

2006 жылғы 9 тамыздағы

№ 224-ө өкімімен

Бекітілген

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіруді

мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы

7 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы

қажет нормативтік құқықтық кесімдердің

тізбесі

 

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;

Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;

ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі.