«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың
мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру
жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 9 тамыздағы № 224-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
2006 жылғы 9 тамыздағы
№ 224-ө өкімімен
Бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіруді
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы
7 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы
қажет нормативтік құқықтық кесімдердің
тізбесі
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі.