«Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 1 қарашадағы № 5/709 қаулысы (күші жойылды)

«Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі
қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы»
Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 1 қарашадағы № 5/709 қаулысы

 

Алматы қаласы Әкімдігінің 2006.07.03. № 1/200 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 9 қарашадағы № 1432 «Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласының әкімшілігі қаулы етті:

1. Тотализаторлар мен казинолар ұйымдастыру және өткізу құқығын иелену үшін өтініш берушінің тұрақты қаржы жағдайын растайтын құжаттар (№ 1 қосымша) және өтініш берушінің қаржы жағдайын анықтауға керекті көрсеткіштердің тізбесі (№ 2 қосымша) бекітілсін.

2. Қорытынды беретін сарапшылар комиссиясы лицензияттың біліктілік талаптарына сәйкестігі жөніндегі қорытындыны өтініш иесіне тапсырған соң, қаржы жағдайының тұрақтылығын растауды Алматы қаласы әкімшілігінің Экономика комитеті жүргізеді деп белгіленсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылауды Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктеледі.

 

Алматы қаласының әкімi

В. Храпунов

 

Әкімшілік хатшысы

К. Тәжиева

 

Алматы қаласының әкімшілігінің

2002 жылғы 1 қарашадағы № 5/709

Қаулысына № 1 қосымша

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.