«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 14 тамыздағы № 227-ө Өкімі

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» және «Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік
қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
 Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»
 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 14 тамыздағы
№ 227-ө Өкімі

 

1. Қоса беріліп отырған «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі, орталық атқарушы органдар тізбеге сәйкес:

1) нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2006 жылғы 14 тамыздағы

№ 227-ө өкімімен бекітілген

 

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы»

және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық

актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын

құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын

іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік

құқықтық кесімдердің

тізбесі

 

 

Ескертпе:

аббревиатуралардың толық жазылуы: