«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының
бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 21 тамыздағы № 234-ө Өкімі
(2007.28.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар:
1) қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу және қабылдау жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын;
2) бұрын қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерді «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтірсін.
2006 жылғы 21 тамыздағы
№ 234-ө өкімімен
Бекітілген
ҚР Премьер-Министрінің 2007.28.05. № 140-ө Өкімімен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын
жетілдіру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің
тізбесі
Ескертпе:
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі