«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған
депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын
іске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 22 тамыздағы
№ 237-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.