(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 26 ТАМЫЗДАҒЫ № 897 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар
сыйлығының кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 26 тамыздағы № 897 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 03.12.04 ж. № 1256; 2005.16.03. № 234 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция  2006 ж. 22 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 тамыздағы № 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 33, 311-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

1-тармақтың екiнші абзацындағы ", ақпарат және қоғамдық келісім" деген сөздер алынып тасталсын;

2-тармақтың үшiншi абзацындағы "17" деген сан "28" деген санмен ауыстырылсын.

2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсiн.

3. "Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 20 қыркүйектегi № 1038 қаулысы 2-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 30, 335-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 26 тамыздағы № 897 қаулысымен

бекiтілген

ҚР Үкіметінің 03.12.04 ж. № 1256 (бұр. ред. қара); 2005.16.03. № 234 (бұр. ред. қара) қаулыларымен құрам өзгерді

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" мемлекеттік жастар

сыйлығын беру жөніндегі комиссияның

құрамы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.