«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 815 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 815 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 57, 551-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:

2-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2. ЖҒТК-ні төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - төраға) басқарады, оның ғылым және инновациялар саласындағы уәкілетті органдардың бірінші басшылары тұлғасындағы екі орынбасары, сондай-ақ ғылым және техника салаларындағы басшылықты және үйлестіруді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің, ЖҒТК-нің жұмыс органының басшысы лауазымындағы жауапты хатшысы болады.»;

үшінші абзацта «өндіріс» деген сөз «ұлттық компаниялар, ірі бизнес және үкіметтік емес сектор» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«ЖҒТК-нің жанынан дүниежүзіне танымал отандық және шетелдік ғалымдардан тұратын Халықаралық сараптамалық кеңес құрылады. Халықаралық сараптамалық кеңестің ережесі мен құрамын төраға айқындайды.»;

4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«Халықаралық сараптамалық кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, елдің ғылыми-техникалық даму басымдықтарын мақұлдау;

мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың ұсынымдарын ескере отырып, ғылыми-техникалық бағдарламаларды мақұлдау;

Республикалық бюджет комиссиясына ғылыми-технологиялық бағдарламаларды қаржыландыру көлемі жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

әрбір үш жыл сайын Қазақстан Республикасының Президентіне елдің ғылыми-технологиялық даму қорытындылары бойынша есеп дайындау.

ЖҒТК үш жылда бір рет:

ғылыми-техникалық дамудағы әлемдік трендтер және елдің нақты бағыттар бойынша озық ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған әлеуетті мүмкіндіктері туралы Халықаралық сараптамалық кеңесті;

орындалған ғылыми-технологиялық бағдарламалардың нәтижелері туралы Білім және ғылым министрлігін және басқа да салалық министрліктерді;

ғылыми қоғамдастықтың және үкіметтік емес сектордың өкілі ретінде Ғылым туралы ұлттық баяндамасымен Ұлттық ғылым академиясын тыңдайды.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. ЖҒТК-нің қызметін, оның ішінде ЖҒТК-нің жұмысына тартылатын шетелдік және отандық ғалымдар мен сарапшылардың қызметтерін қаржыландыру және оларды іссапарға жіберу осы мақсаттарға бөлінетін республикалық бюджет қаражатынан жүргізіледі.»;

көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 25 тамыздағы

№ 815 қаулысына

Қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

1999 жылғы 20 желтоқсандағы

№ 1946 қаулысына

2-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанындағы

Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы