«Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы
мемлекеттер азаматтарының еркін жүріп-тұруы туралы келісімге қол қою туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 шілдедегі № 667 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттер азаматтарының еркін жүріп-тұруы туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Владимир Сергеевич Школьникке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттер азаматтарының еркін жүріп-тұруы туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрi | Д. Ахметов |