«Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттер азаматтарының еркін жүріп-тұруы туралы келісім» (Жоба) (2006 жыл 13 шілде)

Жоба

Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы
мемлекеттер азаматтарының еркін жүріп-тұруы туралы
 келісім

 

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 13 шілдедегі № 667 Қаулысымен мақұлданды

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Yкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Украина Министрлер Кабинеті,

2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімнің ережелерін басшылыққа ала отырып,

Тараптар мемлекеттері азаматтарының еркін жүріп-тұруы кедергілерін жою жолымен өз халықтарының біртұтастығын нығайтуға ұмтыла отырып,

Тараптар мемлекеттері мен олардың халықтарын байланыстыратын достық қарым-қатынастарды растай отырып,

халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын негізге ала отырып, төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап

 

Осы Келісімнің мақсаттары үшін онда пайдаланылатын терминдер мынадай мағынаны білдіреді:

заңнама - Тараптар мемлекеттері әрқайсысының заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

құзыретті органдар - Тараптар мемлекеттерінің жеке тұлғалардың келуін және кетуін (шекараны кесіп өту тәртібімен), транзитпен жол жүруін және өз мемлекеттерінің аумағында болуын бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті атқарушы билік органдары.

 

 

2-бап

 

Тараптар мемлекеттерінің бірінің аумағында заңды негізде болатын Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына, болатын Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген шектеулерді сақтауы шартымен еркін жүріп-тұруына және тұрғылықты жерін еркін таңдауына кепілдік беріледі.

 

 

3-бап

 

Осы Келісім Тараптар мемлекеттері әрқайсысының өз заңнамасы негізінде Тараптардың басқа мемлекеттерінің жекелеген азаматтарының өз аумағына келуінен бас тарту немесе онда болу мерзімін қысқарту құқықтарын шектемейді.

 

 

2-тарау. Келу, кету, транзитпен жол жүру және болу

 

4-бап

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.