«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 Қаулысы (2009.20.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

Мемлекеттік бағдарлама:

республикалық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың әлеуметтік қорғалатын жігі үшін коммуналдық тұрғын үй салуды;

республикалық бюджеттен бөлінген кредит қаражаты есебінен тұрғын үй салуды;

халықтың тұрғын үйге қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ипотекалық кредит беру мен тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйелерін одан әрі жетілдіруді;

жеке тұрғын үй құрылысын одан әрі ынталандыру мақсатында тұрғын үй құрылысын салу аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және орналастыру жөнінде шаралар қабылдауды;

тұрғын үйдің жалгерлік секторын дамытуды көздейді.

Тиімді құрылыс материалдары өндірісін және жаңа технологияларды енгізуді одан әрі дамыту арқылы тұрғын үй құрылысының құнын төмендету жөнінде шаралар қабылданатын болады. Тұрғын үй құрылысында осы заманғы тиімді әрі энергия үнемдейтін сәулет-құрылыс шешімдері пайдаланылатын болады.

 

§ 7. Кіріс саясаты

 

Ел азаматтарының әл-ауқатын арттыру саласындағы мақсат орта мерзімді перспективада халықтың кірісін одан әрі ұлғайту болып табылады.

Кірістерді ұлғайту 2007-2009 жылдары жалақының ең төменгі мөлшерін арттыру саясатын сақтауға ықпал етеді. Оның деңгейі қызметкерге тұтыну бюджетінің қажетті деңгейін қамтамасыз етіп және экономиканың формалды секторында жұмыспен қамтылуын ынталандыра отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің, ең төменгі зейнетақы мөлшерінің өсімінен асып түсетін болады.

Қарапайым біліксіз еңбекпен айналысатын жұмыскерлер үшін жалақының ең төменгі мөлшері белгіленетін болады.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 30 %-ға сараланып ұлғайтылатын болады.

Жалақыны оңтайлы сараландыру және қызметкерлер біліктілігінің өсуін ынталандыру мақсатында Лауазымдар тізілімі мен бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу коэффициенттері торы жетілетін болады.

Бюджеттік сала қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі өнімді еңбек пен жұмыс сапасы өлшемдеріне негізделуі тиіс. Шығармашылық пен инновациялық ұстанымдар, әрбір қызметкердің ұйым жұмысының тиімділігіне қосатын үлесі көтермеленетін болады.

Өнімділігі жоғары еңбекке деген ынтаны арттыру ең алдымен, еңбекті нормалауды ұйымдастыруын жетілдіруді талап етеді. Техникалық (ғылыми) негізделген еңбек нормаларын әзірлеу және енгізу, оларды техниканың, технологиялардың, ұйымдарда еңбек өндірісін ұйымдастыруға қол жеткізілген деңгейіне сәйкес ауыстыру және қайта қарау жалақы деңгейінің еңбек сипаты мен оның нәтижелеріне тікелей байланыстылығын белгілеу үшін қажетті жағдайлар жасайды.

 

§ 8. 2007-2009 жылдары қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану

 

Қоршаған ортаны қорғау

 

Экологиялық саясат Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің 2004-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын одан әрі іске асыруға бағытталады.

2007-2009 жылдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы мақсаттар халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаның ластану деңгейін азайту, қоршаған ортаны қорғауды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру, қоғамның орнықты дамуына көшу негіздерін құру болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі міндеттер мыналар болып табылады:

қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру;

шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін азайту және табиғатты қорғау және оны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.

Алға қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін 2007-2009 жылдары экологиялық заңнаманы жүйелендіруге және қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық заңнаманың осы заманғы талаптарына жауап беретін Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес оның қолданылуын арттыруға бағытталған экологиялық заңнаманы одан әрі реформалау жалғастырады.

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды молықтыруды сақтау және ұтымды пайдалану, Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету үшін басқару және шаруашылық шешімдерді ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында 2007 жылы Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың бірыңғай мемлекеттік мониторингі жүйесін құру жоспарланып отыр.

Екі жақты және көп жақты келісімдерге, атап айтқанда БҰҰ конвенциялары мен қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы жаһандық халықаралық форумдардың шешімдеріне сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау жөнінде шаралар қабылданады.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан бекіткен табиғатты қорғау конвенцияларын іске асырудың неғұрлым сапалы деңгейіне өту жүзеге асырылады.

"Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау" бағдарламасын іске асыру шеңберінде мыналар орындалады:

2007 жылы:

нормативтік әдістемелік құжаттаманы әзірлеу;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстардың ғылыми-техникалық негіздемесін әзірлеуді қамтамасыз ету;

үздіксіз экологиялық білім беру, тәрбиелеу және ағартушылық жүйесін жетілдіру.

2007 жылы қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін тұрақтандыру және табиғат пайдалануға қойылатын экологиялық талаптарды жетілдіру үшін Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасының екінші кезеңін (2008-2010 жылдар) іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары әзірленеді.

Шөлейттенуді тоқтата тұру және алдын алу процесі Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама ережелерін кезең-кезеңімен іске асыруды көздейді.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бірінші кезеңде (2005-2007 жылдар):

шөлейттенуге бейім жерлерді түгендеу және олардың жай-күйін бағалау жүргізіледі;

жерлерді қалпына келтіру немесе олардың жұтауының алдын алу жөніндегі пилоттық жобалар әзірленіп, іске асырылады;

шөлейттенуге қарсы күрес проблемалары бойынша шешімдерді қабылдау процесіне халықтың барлық топтарының қатысуын қамтамасыз ету және хабардар ету жөніндегі жұмыс жүргізіледі.

2007 жылы Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру (екінші кезең) жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу көзделіп отыр.

2008-2009 жылдары ресурстық базаны сақтауды және қалпына келтіруді қамтамасыз ететін тұрақты жер пайдаланудың нормативтік талаптары мен экономикалық тетіктерін әзірлеу және енгізу, халықаралық экологиялық конвенцияларды тұтастырылған іске асыруды қамтамасыз ету, шөлейттену және құрғақшылықтың теріс әсер ету процесінің көлемдерін қысқарту және дамуының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.

2007-2009 жылдары халықаралық стандарттарға сәйкес экологиялық орнықты қоғамның негіздері құрылады.

Экологиялық сақтандыру және аудит, экологиялық білім беру дамытылады, экологиялық таңбалау және табиғатты қорғау қызметі мен оның өлшемдері ұғымы енгізіледі.

Жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа және шешімдер қабылдауға қол жетімділігі кеңейеді.

2007-2009 жылдары шөлейттенген жерлерді оңалтуға, биоәртүрлілікті сақтауға, биоқауіпсіздік жүйесін құруға, орнықты органикалық ластағыштарды түгендеуге және жоюға, парник газдарының тастандыларын азайтуға, өндіріс және тұтыну қалдықтарын кәдеге жаратуға бағытталған іс-шараларды іске асыру жалғастырылады.

Балқаш-Алакөл бассейнін орнықты дамытуды қамтамасыз етуге және осы өңір тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған су-экологиялық проблемаларды шешу мақсатында «Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007-2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету» бағдарламасы әзірленеді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама Еуропалық Одақтың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі негізгі директиваларына жауап беретін болады, қоршаған ортаны ластау деңгейі төмендейді және оның сапасын тұрақтандыру үшін жағдайлар жасалады, бұл қоғамның экологиялық орнықты дамуының негіздерін қалайды.

 

Табиғат пайдалану

 

2007-2009 жылдары табиғат пайдалану саласындағы негізгі міндеттер:

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту;

ормандарды, кеңейту, молықтыру және орман өсіру;

елді мекендерді көгалдандыру және олардың айналасында жасыл аймақтар құру;

биологиялық әралуандылықты сақтау;

тұрақты су пайдалануды қамтамасыз ету;

табиғи су көздерін қалпына келтіру және сақтау;

Қазақстан азаматтарын тиісінше сапалы сумен толық қамтамасыз ету және су тарту болады.

 

Орман және аңшылық шаруашылығы

 

Орман қорын сақтауға және молықтыруға, жасыл аймақтарды кеңейтуге, республикадағы елді мекендерді көгалдандыруға, сондай-ақ ормандарды қорғау, сақтау және молықтыру саласында жағдайды тұрақтандыруға және оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған 2005-2007 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасын іске асыру 2007 жылы аяқталады.

Аңшылық шаруашылығын толыққанды жүргізу үшін жүйеленген мемлекеттік есеп жүргізіледі және жануарлардың жабайы түрлері ресурстарының кадастры жүргізіледі.

2007-2009 жылдары ормандарды орман өртінен және заңсыз ағаш кесуден қорғау күшейтіледі.

Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді сақтаудың және қалпына келтірудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасады.

2007 жылы негізгі мақсаты ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын ұлғайту, табиғи-қорықтық қорды сақтау, ландшафт және биологиялық әралуандықты қорғауды күшейту, экологиялық туризмді дамыту, қоршаған ортаның сапасын және халықтың денсаулығын жақсарту болып табылатын Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғат аумақтары жүйелерін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру басталады.

 

Балық шаруашылығы

 

2007-2009 жылдары елдің балық шаруашылығын одан әрі дамытудың негізгі бағыттары:

бағалы балық түрлерін сақтау және дамыту үшін жағдайлар жасау, балық шаруашылығы тоғандарында бағалы балық түрлерінің өндірістік запасын қалыптастыру мен толықтыру;

балық ресурстары запастарының орнықтылығын қамтамасыз ету үшін ғылыми-зерттеу әлеуетін күшейту, аквакультураны дамыту және сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерін сақтау үшін қажетті технологиялар әзірлеу;

өнеркәсіптік балық шаруашылығының орнықты шикізат базасын балық ресурстарының бар запастарын сақтау және ұтымды пайдалану және жасанды жолымен өндіру жөніндегі іс-шараларды күшейту есебінен қалыптастыру;

тауарлы балық шаруашылығын дамытуға және балық өнімін өндіру мен қайта өңдеу бойынша кәсіпорындардың дамуына жәрдемдесу;

балық өсіруге арналған көл-тауар, тоған, балық ұстайтын және басқа да бейімделген шаруашылықтарды дамыту үшін жағдайлар жасау;

тауарлы балық шаруашылығын және бекіре шаруашылығын дамыту үшін инвестициялар тарту;

балық шаруашылығын басқарудың біріктірілген ақпараттық жүйесін құру жолымен мониторинг, бақылау және қадағалау жүйесін жетілдіру;

тиісті нормативтік құқықтық реттеу, сондай-ақ саланың мониторингін ұйымдастыру және институционалдық мүмкіндіктерді нығайту арқылы браконьерлікке және балық шаруашылығындағы бұзушылықтардың басқа да нысандарына қарсы күрес жөніндегі шараларды күшейту;

балық ресурстарын қорғау, молықтыру, ұтымды әрі тиімді пайдалану саласындағы заңнаманы одан әрі реформалау;

балық ресурстарының кадастры және басқа су жануарларының мемлекеттік есебін жүргізу болады.

 

Су шаруашылығы

 

Қазақстан Республикасы экономикасының су секторын дамытудың және су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейінгі тұжырымдамасының шеңберінде 2007-2009 жылдары елдің су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану, әлеуметтік-экономикалық даму қажеттілігінің теңгерімін және судың нормативтік сапасының талаптары деңгейінде су ресурстарын молықтыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.

Халықты қажетті көлемдегі және кепілдендірілген сападағы сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасын іске асыру жалғасады.

Сондай-ақ, сумен орнықты жабдықтауды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін су ресурстарын ұтымды пайдалану және молықтыру мақсатында суды үнемдеу жөніндегі бағдарламаны әзірлеу жоспарланып отыр.

Осы бағдарламада су жинақтайтын технологияларды, суды пайдаланудың айналмалы және тұйық жүйелерін енгізу, су шаруашылығы жүйелерін есептеу мен реттеудің қазіргі құралдарымен жарақтандыру көзделеді.

 

ҚР Үкіметінің 2007. 21.05. № 395 Қаулысымен 2-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007. 23.07. № 618 Қаулысымен 2-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.16.10. № 953-1 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-бөлім өзгертілді

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 25 тамыздағы

№ 822 қаулысымен

бекітілген

 

 

2-бөлім.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық

дамуының 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік

реттеуіштерi

 

 

Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін

қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) бағалардың және

тарифтердің шекті өсуінің 2007-2009 жылдарға

арналған болжамы

 

 

ҚР Үкіметінің 2007. 21.05. № 395 Қаулысымен 3-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.16.10. № 953-1 Қаулысымен 3-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 25 тамыздағы

№ 822 қаулысымен

Бекітілген

 

 

3-бөлім. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық

дамуының 2007-2009 жылдарға арналған маңызды

көрсеткіштерінің болжамы

 

 

  

 

ҚР Үкіметінің 2007.08.02. № 92 Қаулысымен 4-бөлім жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007. 21.05. № 395 Қаулысымен 4-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.17.08. № 712 Қаулысымен 4-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.16.10. № 953-1 Қаулысымен 4-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 25 тамыздағы

№ 822 қаулысымен

Бекітілген

 

 

4-бөлім. 2007-2009 жылдарға арналған қолданыстағы және

әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық)

бағдарламалардың тізбесі

 

кестенің жалғасы