VII бөлім
Пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар; көксағыз,
резеңке және олардан жасалған бұйымдар
Ескертпелер:
1. Жиынтықтарда ұсынылған, екі немесе одан көп құрамдас бөліктерден тұратын, осы бөлімге енгізілетін VI немесе VII бөлімдерге енгізілетін өнім алу мақсатымен араластырылуға арналған кейбір немесе барлық тауарлар, бұл құрамдас бөліктердің:
а) оларды орау тәсілі ескеріле отырып, қайта ораусыз бірге пайдалануға арналуы;
б) бірге жеткізілуі; және
в) табиғаты бойынша немесе бірін-бірі толықтырушы ретіндегі қатынастары бойынша айқындалуы шартымен осы өнімге сәйкес келетін тауар позициясына енгізілуі тиіс.
2. 3918 немесе 3919 тауар позицияларын қоспағанда, олардың негізгі мақсаты үшін арнайы басылған өрнектері, суреттері немесе бейнелері бар пластмассалар, каучук және олардан жасалған бұйымдар 49-топқа енгізіледі.
Пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар
Ескертпелер:
1. Бүкіл Номенклатура бойынша«пластмассалар»термині полимеризациялану немесе қандай да бір кейінгі сатыда сырттай әсер етуден (әдетте температура мен қысым, қажет болса еріткішті немесе
пластификаторды қолдану арқылы) және сығу, құю, экструдирлеу, каландрлеу секілді сыртқы әсерлерді жойғаннан кейін берілген нысандарды қабылдай алатын 3901 тауар позициясындағы материалдарды білдіреді.
Бүкіл Номенклатура бойынша «пластмассалар» термині сонымен қатар вулканизацияланған талшықты білдіреді, бірақ XI бөлімдегі тоқымашылық ретінде қарастырылатын материалдарға қолданылмайды.
2. Аталған топқа мыналар енгізілмейді:
а) 2712 немесе 3404 тауар позициясының балауыздары;
б) белгіленген химиялық құрамның жеке органикалық қосылыстары (29-топ);
в) гепарин және оның тұздары (3001 тауар позициясы);
г) еріткіштің салмағы ерітінді салмағының 50 %-дан аспауы шартымен (3208 тауар позициясы), 3901-3913 тауар позицияларының ұшатын органикалық еріткіштердегі кез келген өнімдері бар ерітінділер (коллоидтерден басқа); 3212 тауар позициясындағы баспа таңбасын салуға арналған фольга;
д) органикалық беттік-белсенді заттар немесе 3402 тауар позициясының құралдары;
е) қайта балқытылған шайырлар және күрделі эфирлі шайырлар (3806 тауар позициясы);
ж) диагностикалық немесе пластмассадан жасалған төсенішке орналасқан зертханалық реагенттер (3822 тауар позициясы);
з) 40-топтағы синтетикалық каучук немесе одан жасалған бұйымдар;
и) сайыс өру бұйымдары және ер-тұрман (4201 тауар позициясы) немесе чемодандар, саквояждар, әйел сөмкелері және 4202 тауар позициясының өзге де бұйымдары;
к) тоқылған, кәрзеңке бұйымдары және 46-топтың өзге де бұйымдары;
л) 4818 тауар позициясының қабырғаға ілетін жабындары;
м) XI бөлімнің тауарлары (тоқымалық материалдар мен тоқымалық бұйымдар);
н) XII бөлімнің бұйымдары (мысалы, аяқ киім, бас киімдер, қолшатырлар күннен қорғайтын қолшатырлар, таяқтар, қамшылар, ерім талдар немесе олардың бөліктері);
о) 7117 тауар позициясының бижутериясы;
п) XVI бөлімнің тауарлары (машиналар және механикалық немесе электр жабдықтары);
р) XVII бөлімнің ұшатын аппараттарының немесе көлік құралдарының бөліктері;
с) 90-топтың бұйымдары (мысалы, оптикалық элементтер көзілдірікке арналған жиектеме, сызбалық аспаптар);
т) 91-топтың бұйымдары (мысалы, сағаттардың барлық түрлерінің корпустары);
у) 92-топтың бұйымдары (мысалы, музыкалық аспаптар немесе олардың бөліктері);
ф) 94-топтың бұйымдары (мысалы, жиһаз, шам және жарықтандырушы жабдық, маңдайшадағы жарықпен жазылатын жазулар, жинақтаулы құрылыс конструкциялары);
х) 95-топтың бұйымдары (мысалы, ойыншықтар, ойындар, спорт жабдықтары); немесе
ц) 96-топтың бұйымдары (мысалы, щеткалар, түймелер, сыдыр таққыштар, тарақтар, мүштіктер немесе трубкаларға арналған чубуктар немесе ұқсас бұйымдар, термостарға арналған бөліктер немесе ұқсас бұйымдар салынбалы грифелі бар қаламсаптар, қарындаштар).
3. 3901-3911 тауар позицияларына химиялық синтездің мынадай өнімдері ғана енгізіледі:
а) айдауды төменгі қысымда қолданған жағдайда 300оС және 1013 мбар қысым кезінде айналымы 60%-ға жетпейтін бөлігі айдалатын сұйық синтетикалық полиофиндер (3901 және 3902 тауар позициялары);
б) кумаронды-индендік түрдегі полимеризацияның төменгі дәрежелі шайырлар (3911 тауар позициясы);
в) орта есеппен кемінде 5 мономерлік тізбекті қамтитын басқа да синтетикалық полимерлер;
г) силикондар (3910 тауар позициясы);
д) резолдар (3909 тауар позициясы) және басқа форполимерлер.
4. «Полимерлестер» термині полимердің жалпы құрамының немесе ешбір полимерлік буынның салмағы 95%-дан құрамайтын барлық полимерлерді білдіреді.
Аталған топқа, егер мәтінде өзгеше келісілмесе, полимерлестер және полимерлердің қоспалары, салмағы бойынша артық кез келген жеке мономерлес буынның полимерлері сияқты сол тауар позициясына енгізіледі (сополиконденсаттарды, бірдейлестіру полимеризациялау өнімдерін, блокполимерлестерді және ұластырылған полимерлестерді қоса алғанда). Осы ескертпеде сол тауар позициясына енгізіліп полимерлер құрайтын мономерлес буындар бірге қарастырылуы тиіс.
Егер мономерлес буынның ешбірі басым болмаса, онда полимерлестер немесе полимерлік қоспалар, нақты жағдайға байланысты, топтағы кодтардың өсу тәртібінде қарастырылатын бірдей тауар позицияларының соңғысына енгізіледі.
5. Құрамында басты полимерлік тізбектің тек бүйір тізбектері химиялық әсер етуге ұшыраған химиялық өзгертілген полимерлер өзгертілмеген полимерге тиісті тауар позициясына енгізіледі. Бұл шарт ұластырылған полимерлерге қатысты болмайды.
6. 3901-3914 тауар позицияларындағы «бастапқы нысандар» термині тек мына нысандарды:
а) дисперсиялар мен ерітінділерді қоса алғанда, сұйықтықтар мен пасталарды (эмульсиялар, суспензиялар);
6) бұрыс нысандағы блоктарды, кесіктерді, ұнтақтарды (пресс-ұнтақтарды қоса алғанда), түйіршіктерді, үлпектерді және ұқсас сеппелі нысандарды білдіреді.
7. 3915 тауар позициясына бастапқы материалға қайта өңделген, құрамы бойынша біртектес термопластикалық материалдың қалдықтары, кесінділері және сынықтары (3901-3914 тауар позициялары) енгізілмейді.
8. 3917 тауар позициясындағы «құбырлар, түтіктер және құбыршектер» термині әдетте газдар мен сұйықтықтарды тасымалдау, беру немесе тарату үшін қолданылатын шала бұйымдарды немесе жартылай фабрикаттарды, немесе дайын бұйымдарды білдіреді (мысалы, кедір-бұдырланған бақшалық шланг, перфорирленген құбырлар). Бұл термин сонымен қатар, жалпақ нысанды қабылдайтын шұжық өнімдері мен басқа құбырларды білдіреді. Бірақ, соңғыларды қоспағанда, шеңбер, сопақ, тік бұрыш немесе дұрыс көпбұрыш (ұзындығы енінен 1,5 еседен аспаса) нысандарынан өзге, ішкі көлденең қимасы бар бұйымдар, құбырлар, түтіктер және шлангілер ретінде емес, фасондық профильдер ретінде қарастырылады.
9. 3918 тауар позициясындағы «қабырғалар мен төбелерге арналған пластмассадан жасалған жабын» термині қабырғаларды немесе төбелерді әсемдеу үшін қолданылатын ені 45 см-ден кем емес пластмассадан жасалған, қағаздан басқа кез келген материалдағы астарға бекітілген рулондағы бұйымдарды білдіреді; сондағы пластмасса қабаты (беткі жағы) әдетте өрнектеу кедір-бұдырлау, бояу, баспа суретін басу жолымен немесе өзге әдістермен әсемделген.
10. 3920 және 3921 тауар позицияларындағы «тақталар, табақтар, пленкалар және белдіктер немесе таспалар» термині тек тақтайларды, табақтарды, пленкаларды және белдіктерді немесе таспаларды (54-топқа енгізілетіндерден басқа), сонымен қатар дұрыс геометриялық нысанды суреті бар немесе суретсіз, немесе беткі жағы басқа әдіспен өңделген, тік бұрыштарға кесілген немесе кесілмеген, бірақ одан арғы өңдеусіз бұрыштарды білдіреді (осындай операциялардың нәтижесінде олар дайын өнім болса да).
11. 3925 тауар позициясына осы топтың II кіші тобының алдыңғы тауар позицияларына енгізілетін өнімі болып табылмайтын тек мына бұйымдар енгізіледі:
а) резервуарлар, бактар (септик-бактарды қоса алғанда), бөшкелер және сыйымдылығы 300 литрден асатын ұқсас сыйымсауыттар;
б) құрылыс элементтері, мысалы, едендерге, қабырғаларға немесе қалқандарға, төбелер мен шатырларға пайдаланылатын;
в) суағар және оның фитингілері;
г) есіктер, терезелер мен рамалар және есіктердің табалдырықтары;
д) балкондар, балюстрадалар, дуалдар, калиткалар және ұқсас қоршаулар;
e) қойғыштар, перделер (венециандық жалюзаларды қоса алғанда) және ұқсас бұйымдар мен олардың бөліктері, олардың құрал-жабдықтары;
ж) жинақтау және тұрақты орнату үшін стеллаждардың ірі габаритті конструкциялық элементтері, мысалы, дүкендердегі, шеберханалардағы, қоймалардағы;
з) декоративтік сәулет детальдары, мысалы, канелюрлар, күмбездер, кептерханалар; және
и) есіктерге, терезелерге, сатыларға, қабырғаларға немесе ғимараттың басқа бөліктеріне, мысалы кнопкаларға, тұтқаларға, ілмектерге, қапсырмаларға, сүлгілерге арналған ілгіштерге, сөндіргіштерге арналған платаларға және басқа қорғаныш платаларына стационарлық қондырғыларға арналған арматура мен фурнитура.
Қосалқы позицияларға ескертпелер:
1. Аталған топтың кез келген тауар позициясына полимерлер (полимерлестерді қоса алғанда) және химиялық жағынан өзгертілген полимерлер мына ережелерге сәйкес енгізілуі тиіс:
а) сол деңгейдегі «өзгелері» қосалқы позициясы болған жағдайда:
1) «полимерлер» қосалқы позициясында «поли» префиксінің болуы (мысалы, полиэтилен және полиамид-6,6) аталған полимердің бірге алынған негізгі мономерлі буыны немесе мономерлі буындары полимердің жалпы салмағының мөлшері 95 %-дан немесе одан астамын құрауы тиіс дегенді білдіреді;
2) 3901 30, 3903 20, 3903 30 және 3904 30 қосалқы позицияларының полимерлері, жоғарыда аталған полимерлестердің мономерлес буындары-полимердің жалпы салмағының мөлшері 95 %-дан немесе одан астамын құраған жағдайда енгізіледі;
3) егер химиялық жағынан өзгертілген полимерлар басқа, анағұрлым ерешелікті қосалқы позицияға енгізілмеген жағдайда, химиялық жағынан өзгертілген полимерлер «өзгелері» қосалқы позициясына енгізілуі тиіс;
4) жоғарыда 1, 2 және 3-тармақтарда келтірілмеген полимерлер, салмағы бойынша барлық басқа жеке мономерлес буындардан артық, мономерлік буынның полимерлерін енгізетін сол деңгейдегі, қалған қосалқы позициялар сандарының ішіндегі сол қосымша позицияға енгізілуі тиіс. Сол мақсатта, бір позицияға тиіп, полимер құрайтын, полимерлердің негізгі мономерлік буындары бірге қарастырылуы тиіс. Тек бір деңгейдегі қосалқы позицияның құрамындағы полимерге кіретін мономерлес буындар ғана салыстырылуы тиіс;
б) сол деңгейде «өзгелері» қосалқы позициясы болмаған жағдайда:
1) полимерлер, салмағы бойынша барлық басқа жеке мономерлес буындардан артықшылығы бар, сол мономерлік буынның полимерлерін қоса алғанда, қосалқы позицияға енгізілуі тиіс. Сол мақсатта, бір позицияға тиіп, полимер құрайтын, полимерлердің негізгі мономерлік буындары бірге қарастырылуы тиіс. Тек бір деңгейдегі қосалқы позицияның құрамындағы полимерге кіретін мономерлес буындар ғана салыстырылуы тиіс;
2) химиялық жағынан өзгертілген полимерлер, өзгертілмеген полимерге сәйкес қосалқы позицияға енгізілуі тиіс.
Полимерлік қоспалар, мономерлік буындардың полимерлері секілді, сол пропорцияларда, осы қосалқы позицияға енгізілуі тиіс.
2. 3920 43 субпозициясындағы «пластификаторлар» термині екіншілік пластификаторлар дегенді білдіреді.