Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі. XX бөлім Әр түрлі өнеркәсіп тауарлары

Мазмұнын қара

 

XX бөлім
 
Әр түрлі өнеркәсіп тауарлары
 
94-топ
Жиһаз; төсек керек-жарақтары, матрацтар, матрацтық негіздер, диван жастықтары
және соған ұқсас жиһаздық керек-жарақтары; басқа жерде аталмаған немесе
енгізілмеген шамдар мен жарықтандыру жабдықтары; жарықтық маңдайша
жазулар, аты немесе атауы немесе мекен-жайы көрсетілген жарықтық
табличкалар және ұқсас бұйымдар; жиналмалы құрылыс конструкциялары

 

Ескертпелер:

1. Аталған топқа:

а) үрлеп немесе сумен толтырмалы матрацтар, 39, 40 немесе 63-топтардың жастықтары немесе диван жастықтары;

б) 7009 тауар позициясының еденге немесе жерге орнатуға арналған айналары, (мысалы, жылжымалы рамада орнатылған айналар (псише айналмалы айналар);

в) 71-топтың бұйымдары;

г) XV бөлімнің 2-ескертпесінде көрсетілген, қымбат бағалы емес металдардан жасалған (XV бөлім) немесе пластмассадан жасалған ұқсас бұйымдар (39-топ) жалпы қолданыстағы бөліктер, немесе 8303-тауар позициясының сейфтері;

д) 8418 тауар позициясының мұздатқышы немесе тоңазытқышы жабдықтың бөліктері ретінде арнайы құрастырылған жиhаз; тігін машиналарға арналған арнайы құрастырылған жиhаз (8452 тауарпозициясы);

e) 85-топтың шамдары мен жарықтандырғыш жабдықтары;

ж) 8518 тауар позициясының (8518 тауар позициясы), 8519-8521 тауар позицияларының (8522 тауар позициясы) немесе 8525-8528 тауар позицияларының (8529 тауар позициясы) аппаратурасының бөліктері ретінде арнайы құрастырылған жиhазы;

з) 8714 тауар позициясының бұйымдары;

и) 9018 тауар позициясының стоматологиялық жабдықтары немесе стоматологиялық түкіргіштер (9018 тауар позициясы) орнатылған стоматологиялық креслолар;

к) 91-топтың бұйымдары (мысалы, тағуға немесе өзімен бірге алып жүруге арналған, сағаттар мен сағаттардың корпустары); немесе;

л) ойыншық жиhазы немесе ойыншық шамдары немесе ойыншық жарықтандырғыш жабдықтары (9503 тауар позициясы), бильярд үстелдері немесе ойындарға әдейлеп арналған басқа да жиhаз (9504 тауар позициясы), қытай шамдары сияқты (9505 тауар позициясы), сиқырлар мен әшекейлер жасауға арналған бұйымдар (электр тізбектерден басқа) енгізілмейді.

2. 9401-9403 тауар позициясының бұйымдары (олардың бөлшектерінен басқа) еденге немесе жерге арналған болса, олар сонда ғана аталған топқа енгізіледі). Алайда, төменде айтылған бұйымдар ілуге, қабырғаға шегелеп қоюға немесе бірінің үстіне бірін бекітуге арналған болса да, олар:

а) ыдыс-аяқ пен кітап шкафтары, сөрелері бар басқа да жиhаз және секциялық жиhаз;

б) отыруға арналған жиhаз және төсектер жоғарыда көрсетілген тауар позицияларына енгізіледі.

3. а) 9401-9403 тауар позицияларындағы тауарлар бөліктеріне сілтемелер, шишадан (айналарды қоса алғанда), мәрмәрдан немесе басқа да тастардан немесе 68 немесе 69-топта көрсетілген өзге де материалдардан жасалған, беттерге және пластиналарға (нысан бойынша кесілген немесе кесілмеген, бірақ басқа бөліктермен біріктірілмеген) сілтемелерді қамтымайды.

б) жеке ұсынылатын 9404 тауар позициясының бұйымдары, 9401, 9402 немесе 9403 тауар позицияларына тауарлардың бөліктері ретінде енгізілмеуі тиіс.

4. 9406 тауар позициясының "жиналмалы құрылыс конструкциялар" термині кәсіпорындарда толығымен дайындалған немесе бірге берілген, жергілікті жерде жиналған элементтердің жиынтығы ретінде жеткізілетін құрылысты білдіреді, мысалы: тұрғын үй немесе өндірістік үй-жайлар, кеңселер, мектептер, дүкендер, жаппалар, гараждар немесе ұқсас құрылыстар.

5. 9403 50 000 1, 9403 60 100 1, 9403 60 900 1 кіші қосалқы позицияларында "брутто-масса" термині тауарды тасымалдау мен сақтау процесінде олардың сақталуын қамтамасыз ететін барлық буып-түю мен орамаларын қоса алғанда, жалпы салмағын білдіреді. Қайта пайдалануға жарамды барлық айқын жағдайларда тауардың жалпы салмағына олардың орамалары материалдары немесе тыстарының салмағы кірмейді.

 

 

95-топ

Ойыншықтар, ойындар және спорт мүкәммалы;

олардың бөлшектері мен керек-жарақтары

 

Ескертпелер:

1. Аталған топқа:

а) шырша балауыздары (3406 тауар позициясы);

б) фейерверктер немесе 3604 тауар позициясының өзге де пиротехникалық бұйымдар;

в) иірімжіп, дара жіптер, баулар немесе ішектер немесе бекіткен ұзындығы бар, бірақ балық аулауға арналған қармақ жібінің түрінде дайындалмаған, 39-топқа, 4206 тауар позициясына немесе XI бөлімге кіретін, балық аулауға арналған ұқсас бұйымдар;

г) спорт дорбалары немесе 4202, 4303 немесе 4304 тауар позициясының басқа да бұйымдары;

д) 61 немесе 62-топтардың тоқыма материалдардан жасалған маскарад костюмдері;

e) 63-топтың тоқыма жалаулар немесе флагдуктар, қайықтарға арналған желкендер, винсерфингке немесе құрлықтағы жолды көлік құралдарына арналған тақтайлар;

ж) 64-топтың спорттық аяқ-киімі (мұзды немесе роликті конькилері бекітілген коньки бәтеңкелерден басқа) немесе 65-топтың спорт бас киімдері;

з) атқа салт мініп жүруге арналған тросттар, шыбықтар, қамшылар немесе ұқсас бұйымдар (6602 тауар позициясы) немесе олардың бөлшектері (6603 тауарлық позициясы);

и) қуыршақтарға немесе 7018 тауар позициясының өзге де ойыншықтарға арналған бекітілмеген шиша көздері;

к) XV бөлімнің 2-ескертпесінде көрсетілген, қымбат бағалы емес металдардан жасалған (XV бөлім) жалпы қолданыстағы бөліктер немесе пластмассадан жасалған ұқсас бұйымдар (39-топ);

л) қоңыраулар, гонгтар немесе 8306 тауар позициясының ұқсас бұйымдары;

м) сұйық насостар (8401 тауар позициясы), сұйықтықтар мен газдарды фильтрлеуге немесе тазалауға арналған жабдықтар (8421 тауар позициясы), электр двигательдері (8501 тауар позициясы), электр трансформаторлары (8504 тауар позициясы) немесе қашықтан басқаратын радиоаппаратура (8526 тауар позициясы);

о) балалардың қос дөңгелекті велосипедтері (8712 тауар позициясы);

п) каноэ мен скифтер сияқты, спорт кемелері (89-топ) немесе оларды іске қосатын құралдар (ағаштан жасалғандар 44-топқа жатады);

p) көзілдіріктер, қорғаушы көзілдіріктер немесе спортқа немесе даладағы ойындарға арналған ұқсас бұйымдар (9004 тауар позициясы);

c) манкілер мен ысқырықтар (9208 тауар позициясы);

т) қару-жарақтар мен 93-топтың өзге де бұйымдары;

у) барлық түрдегі электр тізбектері (9405 тауар позициясы); немесе

ф) paкеталарға арналған ішектер, палаткалар немесе кемпингке арналған басқа да құралдар немесе қолғаптар және митенкалер (дайындалған материалдар бойынша жіктелетін) енгізілмейді.

2. Аталған топқа онда табиғи немесе қопсытылған інжу, қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастар (табиғи, жасанды немесе өзгерген), қымбат бағалы металдар немесе қымбат бағалы металл жалатылған қымбат бағалы емес металдар тек елеусіз құрамдас бөлшектері болып табылатын бұйымдар енгізіледі.

3. Аталған топқа 1-ескертпенің ережелері сақталған жағдайда, тек қана немесе негізінен аталған топтың тауарларымен бірге пайдалануға арналған бөліктер мен керек-жарақтар осы тауарлармен бірге жіктелуі тиіс.

4. 9503 тауар позициясына өздерінің тиістілігіне, нысанына немесе дайындалған материалына сәйкес тек жануарларға арналып бірдейлендірілуі мүмкін болатын тауарлар енгізілмейді, мысалы "үй жануарларына арналған ойыншықтар" (өздерінің тиісті позицияларында жіктеледі).