Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі. VI бөлім Химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері

Предыдущая страница

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

30-топ

Фармацевтикалық өнім

 

Ескертпелер:

1. Аталған топқа:

а) тамыр ішіне егілетін препараттардан басқа (IV бөлім), тамақ өнімдері және сусындар (мысалы, диеталық диабеттік немесе қоректі қосымшалармен қорландырылған тамақ өнімдері, тамақ қосымшалары, әлдендіретін сусындар мен минералды сулар);

б) стоматологияда қолдану үшін арнайы кальцинирленген немесе майда ұсақталған гипстер (2520 тауар позициясы);

в) медициналық мақсаттарға арналған эфир майларының су дистиляттары немесе су ерітінділері (3301 тауар позициясы);

г) 3303-3307 тауар позициясының препараттары, оның ішінде терапевтік немесе алдын алу қасиеттері бар препараттар;

д) медикаментозды қосымшалары бар 3401 тауар позициясындағы сабын және басқа өнімдер;

е) стоматологияда қолдану үшін гипс негізіндегі дәрілер (3407 тауар позициясы); немесе

ж) терапевтік немесе алдын алу мақсаттары үшін дайындалмаған қан альбумині (3502 тауар позициясы) енгізілмейді.

2. 3002 тауар позициясының тұжырымындағы «модифицирленген

иммунологиялық өнімдер» термині тек моноклональді қарсы денелерге

(МАВS), қарсы дене фрагменттеріне, қарсы дене коньюгаттарына және қарсы денелер фрагментінің конъюгаттарына қатысты.

3. 3003 және 3004 тауар позицияларында, 4 г ескертпеде осы топтағылар былай:

а) араласпаған өнімдер ретінде:

1) суда ерітілген араласпаған өнімдер;

2) 28 немесе 29 топтарға енетін барлық тауарлар; және

3) 1302 тауар позициясына енгізілген, бірақ кез келген ерітіндіде стандартталған немесе ерітілген қарапайым өсімдіктер экстракттары;

б) араласқан өнімдер ретінде:

1) коллоидті ерітінділер және суспензиялар (коллоидті күкірттен басқа);

2) өсімдік шикізатының қоспаларымен өңдеуден алынған, өсімдік

экстракттары; және

3) табиғи минералды суларды булаудан алынған, тұздар мен

концентраттар түсінілуі қажет.

4. 3006 тауар позициясына Номенклатураның ешбір басқа тауар

позициясына емес, осыған енгізілетін мынадай өнімдер енгізіледі:

а) стерильдік хирургиялық кетгут, жік салуға арналған стерильдік материалдар және жараларды хирургиялық жабуға арналған стерильдік адгезивтік тіндер;

б) стерильдік ламинария және ламинариден жасалған стерильдік

тампондар;

в) стерильдік хирургиялық сорғыш немесе стоматологиялық қан

тоқтатқыш құралдар (гемостатиктер);

г) рентгенографикалық зерттеулерге арналған контрасты препараттар және ауруларға егуге арналған диагностикалық реагенттер, атап айтқанда өлшенген дозалардағы немесе екі не одан көп құрамдас бөліктерден құралған араласпаған заттар;

д) қан тобын анықтауға арналған реагенттер;

е) тістерді пломбылауға арналған тіс цементтері және басқа материалдар; сүйекті қалпына келтіретін цементтер

ж) санитарлық сөмкелер және алғашқы көмек көрсетуге арналған

жиынтықтар; және

з) 2937 тауар позициясындағы гормон, басқа қосылыстар немесе

спермицидтер негізінде жасалған химиялық контрацептивтік дәрілер;

и) хирургиялық операция немесе физикалық зерттеулер процесінде дене бөліктері үшін майлаушы ретінде медицинада немесе ветеринарияда қолдануға арналған немесе дене мен медициналық жабдық арасындағы байланыстырғыш агент ретінде қолданылатын гель түріндегі препарат; және

к) жарамсыз фармацевтикалық құралдар, яғни, алғашқы қолдануға жарамсыз фармацевтикалық өнімдер, мысалы, жарамдылық мерзімі өтіп кету салдарынан.