IV бөлім
Дайын тамақ өнімдері; алкогольді және алкогольсіз ішімдіктер және сірке суы;
темекі және оның алмастырғыштары
Ескертпе:
1. Бұл бөлімдегі «түйіршіктер»термині агломератталған не тікелей қысып тығыздалған не 3 салм.%-дан аспайтын мөлшерде байланыстырғыш заттар қосылған өнімдерді білдіреді.
Еттен, балықтан немесе шаян тұқымдастардан, моллюскілерден немесе басқа да судағы омыртқасыздардан жасалған дайын өнімдер
Ескертпелер:
1. Бұл топқа 02 немесе 03 тобында немесе 0504 тауар позициясында көрсетілген жолдармен дайындалған немесе консервіленген ет, еттен жасалған қосымша өнімдер, шаян тұқымдастар, моллюскілер және басқа да судағы омыртқасыздар қосылмайды.
2. Бұл топқа дайын өнімдер құрамында 20 салм.%-дан бар шұжық, ет, еттен жасалған қосалқы өнімдер, қандар, балықтар немесе шаян тұқымдастар, моллюскілер немесе басқа да судағы омыртқасыздар немесе осы өнімдердің кез келген комбинациясы бар болған жағдайда қосылады. Егер дайын өнімдер құрамында жоғарыда көрсетілгендердің екі немесе одан да көп компоненттері бар болса, олар компоненттері немесе салмағы жағынан басым тұратын компоненттері бойынша 16 тауар позициясы тобына қосылады. Бұл ережелер 1902 тауар позициясындағы ішіне дәм салынған өнімдерге немесе 2103 немесе 2104 тауар позицияларындағы дайын өнімдерге қатысты емес.
Қосалқы позицияларға ескертпелер:
1. 1602 10 қосалқы позициясындағы гомогенизделген дайын өнімдер термині таза салмағы 250 г. аспайтын орамадағы, балаларға арналған немесе диеталық тағам ретінде бөлшек сауда үшін ұсақталып, ыдысқа салынып шығарылған, еттен, қосымша ет өнімдерінен немесе қаннан әзірленген бұйымдарды білдіреді. Бұл ретте дәмдеуіш, консервант ретінде немесе басқа мақсаттар үшін дайын өнімдерге қосылған кез келген ингредиенттердің азғантай саны назарға алынбайды. Бұл дайын өнімдер құрамында еттің немесе қосымша ет өнімдерінің көзге көрінетіндей азғантай қиқымы болуы мүмкін.
1602 10 қосалқы позиция 1602 тауар позициясында бірінші дәрежеге ие.
2. 1604 немесе 1605 тауар позицияларындағы қосалқы позициялардағы балықтар немесе шаян тұқымдастар олардың әдеттегі атауына сай келтірілген және сол атаулармен 03 топта аталып өткен балық және шаян тұқымдастардың түрлері болып табылады.
Қосымша ескертпелер:
1. 1602 31 110 0, 1602 32 110 0, 1602 39 210 0, 1602 50 100 0, 1602 90 610 0, 1602 90 720 0 және 1602 90 740 0 қосалқы позицияларындағы «шикі»деген терминді ешқандай қыздырып өңдеуге ұшырамаған немесе қыздырып өңдеуге ұшыраса да, барлық өнімде ет ақуыздарының ұйысуы үшін жеткіліксіз болған өнімдерге қолданған жөн, соған сәйкес 1602 50 100 0, 1602 90 610 0, 1602 90 720 0 және 1602 90 740 0 қосалқы позициялардағы жағдайда, өнімді оның ең
қалың бөлігі арқылы өтетін сызықтың бойымен кескенде, кесілген жердің үстінен қызғылт сұйықтың іздері көрінеді.
2. 1602 41 100 0, 1602 42 100 0 және 1602 49 110 0 - 1602 49 150 0 қосалқы позициялардағы шабылған еті»деген термин дайын немесе консервіленген етке ғана қатысты, мұны мөлшерлері мен біріккен бұлшық ет тканьдерінің қасиеті бойынша үй шошқасының тұтас етін сан етімен, жауырын етімен, төс етімен немесе мойын етімен ұқсастыруға болады.