«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі
№ 82-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 275-ө Өкімі
«Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 82-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесінде:
реттік нөмірі 27-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Тіркелген жинақтаушы зейнетақы қорлары, олардың жарғылық капиталдарының мөлшері, салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының саны және олардың зейнетақы жинақтарының көлемі туралы ақпарат»;
3-бағандағы «Ұлттық Банк» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 37-жолда 3-бағандағы «Ұлттық Банк» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 41-жолда 3-бағандағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Есептік деректерге талдамалы түсіндірмелер - есепті кезеңнен кейінгі 100-күні, Ұлттық Банк».