«Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 82-ө Өкімі (2006.17.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 82-ө Өкімі
(2006.17.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Премьер-Министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 29-ө өкімімен күші жойылды

 

1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесі бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 24 қыркүйектегі № 228-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жүктелсін.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Премьер-Министрінің

 2006 жылғы 4 сәуірдегі

 № 82-ө өкіміне

 қосымша

 

ҚР Премьер-Министрінің 2006.20.09. № 275-ө (бұр. ред. қара); 2006.17.11. № 327-ө (бұр.ред.қара) Өкімімен кесте өзгертілді

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне

ақпараттық материалдар ұсыну кестесі