IX бөлім
Сүрек және одан жасалған бұйымдар; сүрек көмірі; тығын және одан жасалған бұйымдар;
сабаннан, альфадан немесе тоқуға арналған өзге материалдардан жасалған бұйымдар;
себеттік және басқа да тоқыма бұйымдар
44-топ
Сүрек және одан жасалған бұйымдар; сүрек көмірі
Ескертпелер:
1. Осы топқа:
а) сүректік жоңқа, сүректік жаңқа, негізінен парфюмерияда, фармацияда немесе инсектицид, фунгицид ретінде не болмаса ұқсас мақсаттарда қолданылатын сүректік масса немесе ұнтақ түрінде ұсатылған сүрек (1211 тауар позициясы);
б) бамбук немесе негізінен өру үшін қолданылатын, өңделмеген,
ыдыраған немесе ыдырамаған, өн бойына араланған немесе араланбанған
немесе ұзынынан араланған немесе араланбанған өзге сүректік материалдар (1401 тауар позициясы);
в) сүректік жоңқа, сүректік жаңқа, негізінен бояу немесе илеу үшін қолданылатын сүректік масса немесе ұнтақ түріндегі сүрек (1404 тауар позициясы);
г) активтендірілген сүректік көмір (3802 тауар позициясы);
д) 4202 тауар позициясының бұйымдары;
е) 46-топтың тауарлары;
ж) 64-топтағы аяқ киім немесе оның бөліктері;
з) 66-топтың тауарлары (мысалы, қолшатырлар, таяқтар және олардың беліктері);
и) 6808 тауар позициясының тауарлары;
к) 7117 тауар позициясының бижутериясы;
л) XVI немесе XVII бөлімдердің тауарлары (мысалы, машиналардың бөліктері, корпустар, футлярлар, машиналардың және аппараттардың кабиналары, дөңгелектерге арналған бөліктер);
м) XVIII бөлімнің тауарлары (мысалы, сағаттардың корпустары мен музыкалық аспаптар және олардың бөліктері);
н) оқпен атылатын қару-жарақтың бөліктері (9305 тауар позициясы);
о) 94-топтың бұйымдары (мысалы, жиһаз, шамдар және жарықтандыру жабдықтары жинақталған құрылыс конструкциялары);
п) 95-топтың бұйымдары (мысалы, ойыншықтар, ойындар, спорттық мүкәммәл);
р) 96-топтың бұйымдары (мысалы, тартатын трубкалар және олардың бөліктері, түймелер, қарындаштар), 9603 тауар позициясындағы ағаш корпустар мен қаламдардан басқа; немесе
с) 97-топтың бұйымдары (мысалы, өнер туындылары) енгізілмейді.
2. Бұл топта «сығымдалған сүрек»термині сүректің қосылысқан жіктеріне қосымша берік байланыс беріп тұратын химиялық немесе физикалық өңдеуге ұшыраған сүректі білдіреді, осының нәтижесінде ол механикалық беріктігінің немесе химиялық немесе электрлік әсерлерге қарсыласуының жақсаруы нәтижесінде жоғары тығыздыққа немесе қаттылыққа ие болады.
3. 4414 - 4421 тауар позицияларына ағаш жоңқалары немесе осыған ұқсас тақташалар, ағаш талшығы тақташалары, қабатты немесе сүректердің осыған ұқсас бұйымдарынан сығымдалған сүрек бұйымдары енгізіледі.
4. 4410, 4411 немесе 4412 тауар позицияларына 4409 тауар позициясы бұйымдарына тән пішін берілуі мүмкін, олар майысқан, гофрирленген, тесілген, кесілген немесе шаршы немесе тік бұрыштан ерекшеленетін нысан бойынша қалыптанған немесе бұл оларға басқа тауар позицияларының қасиеттерін бермейтін жағдайда басқа да кез келген өңдеуге ұшырауы мүмкін.
5. 4417 тауар позициясына жүзі, жұмыстық жиегі, жұмыстық беткейі немесе басқа да жұмыстық бөлігі 82-топқа 1-ескертпеде аталған материалдардан орындалған аспаптар енгізілмейді.
6. Жоғарыдағы 1-ескертпедегі ережелер сақталған жағдайда және егер мәтінде өзгеше талап етілмесе, осы топтағы тауар позицияларындағы «сүрек»термині бамбукке де және сүрек табиғаты бар басқа да материалдарға да қатысты.
Қосалқы позицияларға ескертпе:
1. 4403 41 - 4403 49, 4407 24 - 4407 29, 4408 31 - 4408 39 және 4412 13 -4412 99 қосалқы позицияларда «тропикалық тұқымдастар сүрегі» деген термин мынадай сүректі білдіреді: прилистникті митрагина, кайя иворензис, афрормозия (түрлері), брахистегия (түрлері), жұпар иісті фрагрэа, гвиандық карапа немесе шаян тәрізді ағаш, aningru, африкалық туррэантус, қанатты лофира, balau, бальза, ақшыл-қызғылты сүректі иісі аңқыған гварея, ақшыл-қоңыр сүректі иісі аңқыған гварея, приория копаифера, цедрела (түрлері), африкалық пиптадения, шорея (түрлері), ловоа (түрлері), афзелия, иворендік терминалия, Гоэлд кордиясы, ірімшік ағаш, fuma, ағаш тәрізді кратоксилон, иломба немесе анголездік пикнантус, кеуекті феба, паратекома, биік хлорофора немесе африкалық тик ағашы, бразилиялық копал, жұқа қабырғалы диера, кариниана легалис, jongkong, хош иісті дриабаланопс немесе камфор ағашы, коомпассия, қос қанатты жеміс (түрлері)", Кандолль энтандрофрагмасы, көкнәр түсті цистантера, koto, ақшыл-қызыл сүрегі бар шорея, сәнді терминалия, кордия (түрлері), плантимисциум (түрлері), махогониелік немесе Геккель қызыл мимузопсы, квалеа (түрлердің бірі), биік мансония, тарриетия (түрлері), шорея бакау, хопея (түрлері), Бейкер интсиясы, merpauh, анизоптера (түрлері), moabi, пайдалы тарриетия, қатты қарамайлы триплохитон, Клайн аукумеясы, onzabili, oreу, ovengkol, озиго немесе бутнер пахилобусы, гибондық итерокарпус, драконтомелум дао, Гватемала палисандры, Пара палисандры, Рио палисандры, бразилиялық қызғылт ағаш, эуксилофора парэнзис, раu marfim, альстония конгензис, жалаңашталған тетрамериста, гондурастік вохизия, Варбург гонистилюсы, цилиндрлі энтандрофрагма, бомбакопсис, батпақты псевдосиндора, пайдалы энтандрофрагма, sucupira, suren, тик, немесе джат ағашы, tauari, анголдық энтандрофрагма, бальзамды госсвейлеродендрон, суринамдық вирола, шореялардың әр алуан түрлерінің сүрегі, парашорея және пентакме, шореялардың барлық түрлерінің шел қабықты сүрегі, парашорея, фагуцин шореясы.
Қосымша ескертпелер:
1. 4405 тауар позицияда «сүрек ұны» термині 0,63 мм. мөлшерінде саңылаулары бар електе ұсталатын 8 салм.%-дан аспайтын сүрек ұнтағын білдіреді.
2. 4414 00 100 0, 4418 10 100 0, 4418 20 100 0, 4419 00 100 0, 4420 10 110 0 және 4420 90 910 0-қосалқы позияцияларда «тропикалық тұқымдас сүрек» термині мынадай тұқымдастарды білдіреді: Клайн аукумеясы, қатты қарамайлы триплохитон, цилиндрлік энтандрофрагма, пайдалы энтандрофрагма, кайя иворензис, Геккельмимузопсы, биік хлорофорасы немесе африкалық тик ағашы, анголдық энтандрофрагма, биік мансония, иломба немесе анголездік пикнантус, ловоа (түрлері), сәнді терминалия, қанатты лофира, күңгірт-қызыл сүрегі бар шорея, ақшыл-қызыл сүрегі бар шорея, шорея бакау, шореялардың әр алуан түрлерінің сүрегі, парашорея, пентакме, шореялардың әр алуан түрлерінің шел қабықты сүрегі, парашорея, фагуцин шореясы және шореялардың басқа да түрлері, хош иісті фрагрэа, қос қанатты жеміс, Варбург гонистилюсы, жұпар иісті дриабаланопс немесе камфорлық ағаш, тик немесе джат ағашы, jongkong, Бейкер интсиясы, жұқа қабырғалы диера, коомпассия, суринамдық вирола, махогониелік немесе қызыл ағаш (Swietenia sрр.), кеуекті феба, бальза, Рио палисандры, Пара палисандры және бразилиялық қызғылт ағаш.