XVII бөлім
Жермен жүретін көлік құралдары, ұшу аппараттары, жүзетін
құралдар және көлікке қатысты құрылғылар мен жабдықтар
Ескертпелер:
1. Аталған бөлімге 9501, 9503 немесе 9508 тауар позициясының бұйымдары, сондай-ақ бобслей-шаналар, тобоггандар немесе 9506 тауар позициясының ұқсас бұйымдары енгізілмейді.
2. «Бөліктер» және «бөліктер мен керек-жарақтар» терминдері олардың аталған бөлімнің тауарлары үшін арналғаны ретінде бірдейлендірілуінің мүмкін болатындығына-болмайтындығына қарамастан, мынадай бұйымдарға қатысты қолданылмайды:
а) қосылыстар, шайбалар, төсегіштер және кез келген материалдардан немесе қатты резеңкеден басқа (4016 тауар позициясы), вулканизацияланған резеңкеден жасалған басқа бұйымдардан жасалған ұқсас бұйымдар (жасалған материалдармен сәйкес жіктелетін, немесе 8484 тауар позициясындағы);
б) XV бөлімнің 2-ескертпесіне сәйкес, қымбат бағалы емес металдардан жасалған жалпы қолданылатын бөлшектер немесе пластмассадан жасалған ұқсас тауарлар (39-топ);
в) 82-топтың бұйымдары (аспаптар);
г) 8306 тауар позициясының бұйымдары;
д) 8401-8479 тауар позицияларының машиналары мен жабдықтары; егер олар 8483 тауар позициясы бұйымдарының, қозғалтқышының немесе қуатты қондырғысының құрама бөлшектері болып табылса, 8481 немесе 8482 тауар позициясының бұйымдары немесе;
е) электр машиналары мен жабдықтары (85-топ);
ж) 90-топтың бұйымдары;
з) 91-топтың бұйымдары;
и) қарулар (93-топ);
к) 9405 тауар позициясының шамдары немесе жарықтандыру жабдықтары; немесе
л) көлік құралдарында бөлік ретінде пайдаланылатын шөткелер (9603 тауар позициясы).
3. 86-88-топтардағы «бөліктер» және «керек-жарақтар» терминдері тек қана немесе негізінен осы топтың бұйымдарымен пайдаланылмайтын бөліктерге немесе керек-жарақтарға қолданылмайды. Осы топтың екі немесе бірнеше тауар позицияларына жатқызуға болатын бөліктер мен керек-жарақтар ocы бөліктер мен керек-жарақтардың негізгі пайдаланылуына сәйкес келетін тауар позициясына eнгізілуі тиіс.
4. Аталған бөлімде:
а) жолдармен де, рельспен де жүруге арналып арнайы құрастырылған көлік құралдары 87-топтың тиісті тауар позициясына енгізіледі;
б) амфибия-автомобильдер 87-топтың тиісті тауар позициясына енгізіледі;
в) жол-көлік құралдары ретінде қолданылатындай үлгіде арнайы құрастырылған ұшу аппаpаттары 88-топтың тиісті тауар позициясына енгізіледі.
5. Ауа тағанындағы көлік құралдары аталған бөлімде өздері көбірек сәйкес келетін көлік құралдарына, атап айтқанда:
а) егер олар бағыттаушы жол бойынша жүруге арналса, 86-топқа;
б) егер олар тек құрғақта немесе құрғақта және суда жүруге арналса, 87-топқа;
в) егер олар өздерінің жағаға қонатындығына немесе қайраңға тоқтайтындығына, сондай-ақ мұзбен жүре алатындығына қаpамастан, суда жүруге арналса, 89-топқа енгізілуі тиіс.
Ауа тағанындағы көлік құралдарының бөліктері мен керек-жарақтары жоғарыда жазылған ескеpтулерге сәйкес аталған ауа тағанындағы көлік құралдары енгізілетін тауар позициясының бөліктері мен керек-жарақтары сияқты үлгіде жіктелуі тиіс.
Ауа тағанындағы поездарға арналған жол жабдықтары мен оның қондырғылары темір жол желісінің жабдықтары мен қондырғылары сияқты, ал осындай жүйелердегі дабыл беру жабдығы, қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен басқаруға арналған қондырғылар - темір жолдардағы дабыл беру жабдығы, қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен басқаруға арналған қондырғылар сияқты жіктелуі тиіс.
Қосымша ескертпелер
1. 89-топ 3-қосымша ескертпе шартындағы ережелер сақталған жағдайда жермен жүретін көлік құралдары, ұшу аппараттары немесе жүзетін құралдарға қызмет көрсетуге немесе жөндеуге қажетті аспаптар мен бұйымдар егер олар осылармен бірге көрсетілсе осы жермен жүретін көлік құралдары, ұшу аппараттары немесе жүзетін құралдармен бірге сыныпталуы керек. Басқа керек-жарақтар жермен жүретін көлік құралдары, ұшу аппараттары немесе жүзетін құралдармен бірге көрсетілсе егер олар жалпы жиынтықтың бөлігі болса және жалпы олармен бірге сатылса оларда бірге сыныпталады.
2. Декларанттың өтініші және шарттар сақталған жағдайларда, құзыретті органдар бекіткен Негізгі ереженің 2а интрепретациясының номенклатурасы ержелері шарттары сақталынғанда бөлек партиямен әкелінетін 8608, 8805, 8905 және 8907 тауар позицияларының өнімдеріне де қолданылады.
Темір жол локомотивтері немесе трамвайдың моторлы вагондары, жылжымалы
құрам және олардың бөліктері; жол жабдықтары мен темір жолдарға немесе
трамвай жолдарына арналған құрылғылар және олардың бөліктері; барлық
түрдегі механикалық (электромеханикалықты қоса алғанда) белгі беру
жабдықтары
Ескертпелер:
1. Аталған топқа:
а) ағаштан немесе бетоннан жасалған темір жол немесе трамвай шпалдары немесе ауа тағанындағы поездарға арналған жолдарды бағыттайтын бетондық секциялар (4406 немесе 6810 тауар позициялары);
б) 7302 тауар позициясының темір жол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын, қара металдардан жасалған бұйымдар; немесе
в) 8530 тауар позициясының сигнал берудің электр құрылғылары, қауіпсіздікті қамтамасыз ету немесе қозғалысты басқаруға арналған құpылғылаp енгізілмейді.
2. 8607 тауар позициясына, inter alia:
а) осьтар, дөңгелектер, қос доңғалақтар (жүріс бөлшегі), металды доңғалақтар бандаждары, құрсаулар және күпшектер және доңғалақтың басқа да бөлшектері;
б) рамалар, подрамниктер, арбашықтар және қозғалғыш теңгеру арбашықтар;
в) осьті букстар; тежегіш тетіктер;
г) жылжымалы құрамға арналған буферлер; ілмектер және басқа да арнайы құрылғылар, сондай-ақ вагондарды қосқыштар;
д) шанақтар енгізіледі.
3. 1-ескертпедегі ережелер сақталған жағдайда 8608 тауар позициясына, inter а1іа:
а) жиналған жол төсемі, бұрылыс айналымдар, тұйық тіреулер, габариттік қақпалар;
б) семафорлар, механикалық сигнал беру дискілері, өтпелердегі қозғалысты басқаратын механикалық құрылғылар, сигналдар мен стрелкаларды басқаруға арналған механизмдер және өзге де механикалық (электр механикалықты қоса алғанда) сигнал беретін жабдықтар, олардың электр жарығымен жабдықталғандығына немесе жабдықталмағандығына қарамастан, темір жолдарға, трамвай жолдарына, жолдарға, ішкі су жолдарына, көлік тұрақтарына, кемежайларға немесе аэроалаңдарға арналған қауіпсіздікті қамтамасыз етуге немесе қозғалысты басқаруға арналған құрылғылар енгізіледі.