ХІХ бөлім
Қару-жарақтар мен оқ-дәрілер; олардың бөлшектері мен керек-жарақтары
93-топ
Қару-жарақтар мен оқ-дәрілер; олардың бөлшектері мен керек-жарақтары
Ескертпелер:
1. Аталған топқа:
а) 36-топтың тауарлары (мысалы, соқпалы капсулдар, детонаторлар, белгі беру зымырандары);
б) XV бөлімде 2-ескертпеде көрсетілген, қымбат бағалы емес металдардан жасалған жалпы мақсаттағы бөлшектер, немесе пластмассадан жасалған ұқсас бөлшектер (39-топ);
в) әскери өздігінен жүретін брондалған көлік құралдары (8710 тауар позициясы);
г) егер олар атыс қаруына орнатылмаса немесе олар орнатылуы тиіс болатын атыс қаруымен ұсынылмаса, қарумен бірге пайдалану үшін жарамды телескопиялық нысаналар немесе өзге да оптикалық құрылғылар;
д) садақтар, жебелер, қылыштасуға арналған рапиралар немесе ойыншық қарулаp (95-топ); немесе
e) коллекциялауға арналған заттар (9705 немесе 9706 тауар позициялары) немесе антиквариатқа енгізілмейді.
2. 9306 тауар позициясының «бөлшектеpгe» сілтеме 8526 тауар позициясының радио және радиолокациялық аппаратураға сілтеме таратылмайды.