«Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдарды тексеруді жүзеге асыру ережесін бекті туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 1 қыркүйектегі № 333 бұйрығы (күші жойылды)

Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдарды тексеруді жүзеге асыру ережесін бекті туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 333 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 357 бұйрығымен күші жойылды

 

«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабын іске асыру мақсатында бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдарды тексеруді жүзеге асыру ережесі бекітілсін.

2. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2006 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Министр

Н. Коржова

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2006 жылғы 1 қыркүйектегі

№ 333 бұйрығымен

бекітілген

 

Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдарды

тексеруді жүзеге асыру ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдарды тексеруді жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдар (бұдан әрі - кәсіби ұйымдар) қызметінің аудиторлық қызмет туралы заңнама талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.

 

 

2. Тексерулерді жүзеге асыру ережесі

 

2. Кәсіби ұйымдардың қызметін тексеруді (бұдан әрі - тексеру) уәкілетті органның басшысы белгілейтін құрылымдық бөлімше (бұдан әрі - құрылымдық бөлімше) жүзеге асырады.

3. Тексеру екі түрлі бола алады:

1) жоспарлы тексеру;

2) жоспардан тыс тексеру.

4. Жоспарлы тексеру уәкілетті органның лауазымды тұлғасы бекітетін құрылымдық бөлімшенің жылдық жоспарына сәйкес жылына бір реттен жиі емес жүргізіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.