«Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлерін аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 911 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 31 тамыздағы № 468 Бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 125 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлерін аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 911 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2171 тіркелген, Орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2003 ж., № 23-24, 855-құжатта жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3653 тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы № 311 бұйрығына сәйкес енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлерін аттестаттау ережесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Аттестаттаудан жүкті әйелдер босатылады. Еңбек демалысындағы тұлғалар, бала күту демалысындағы әйелдер, сондай-ақ дәлелді себептер бойынша қатыспағандар жұмысқа шыққаннан кейін аттестаттаудан өтеді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік ғылыми ұйымдарда, оның ішінде еншілес мемлекеттік кәсіпорындарда, аттестаттауды өткізу үшін 7 адамнан тұратын аттестаттау комиссиялары құрылады, олар аттестаттаудың нысаны мен рәсімдерін, аттестаттауды өткізудің нақты мерзімдерін айқындайды, аттестатталушының жұмысына талдау жасайды, аттестаттаудың қорытындылары бойынша шешімдер шығарады.»;