Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлiк-техникалық қызметкерлерiн аттестациялау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 ж. 27 желтоқсандағы № 911 бұйрығы
(2006.31.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 125 бұйрығымен күші жойылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшiн БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлiк-техникалық қызметкерлерiн аттестациялау ережесi бекітілсiн.
2. Ғылым департаментi (В.В.Могильный) бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркесiн.
3. Ғылым Министрi - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы президентінің 1997 жылғы 19 желтоқсандағы № 241 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1998 жылғы 29 сәуiрде № 506 тiркелген «Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiн аттестациялау туралы уақытша ереженiң» күшi жойылды деп танылсын.
4. «Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлiк-техникалық қызметкерлерiн аттестациялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 29 маусымдағы № 522 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Н.С. Бектұрғановқа жүктелсiн.
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Білім және ғылым министрінің
2002 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 911 бұйрығымен бекітілген
«Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың
Ғылыми және инженерлік
техникалық қызметкерлерін
аттестациялау ережесін
бекіту туралы»
Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың
Ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлерін
Аттестациялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлерін аттестациялаудың осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес жасалған.