Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі инспекциясының және
ведомствоаралық комиссияларының құрамы туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2002 ж. 25 наурыздағы № 320 Өкімі
(ҚР Президентінің 21.12.02 ж. № 361; 24.10.03 ж. № 425
Өкімдерімен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 25 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 24.10.03 ж. № 425 Өкімімен 1-тармақтың күші жойылды
1. "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің инспекциясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 6 қазандағы № 169 өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі инспекциясының жаңа құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
ҚР Президентінің 21.12.02 ж. № 361 Өкімімен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссияларының құрамы 2-7-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
3. "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 120 өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;".
4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 маусымдағы № 148қ, 2001 жылғы 13 наурыздағы № 203қ өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
| Президенті | Н. Назарбаев |
Президентінің
2002 жылғы 25 наурыздағы
№ 320 өкімімен
бекітілген
1-қосымша
ҚР Президентінің 24.10.03 ж. № 425 Өкімімен 1-қосымшаның күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік
Кеңесі инспекциясының
ҚҰРАМЫ
Қасымов - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Әлібек Хамитұлы Кеңесі Хатшысының орынбасары, инспекциясы төрағасы