«Республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 943 Қаулысы (2026.16.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 943 Қаулысы

(2026.16.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2026.14.10. № 899 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 16 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етедi:

ҚР Үкіметінің 2026.14.10. № 899 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 16 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру қағидалары бекітілсін.

2. «Жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жерді осы аумақтардың резервіне қалдыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 910 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 36, 369-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбындағы және 1-тармақтағы «және жерді осы аумақтардың резервіне қалдыру» деген сөздер алынып тасталсын;

кіріспесіндегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңына және» деген сөздер алынып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жерді осы аумақтардың резервіне қалдыру ережесінде:

тақырыбындағы «және жерді осы аумақтардың резервіне қалдыру» деген сөздер алынып тасталсын;

5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15-тармақтар алынып тасталсын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1413 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 29 қыркүйектегі

№ 943 қаулысымен

бекітілген

 

 

ҚР Үкіметінің 2026.14.10. № 899 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 16 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи

аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру

қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2026.14.10. № 899 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 16 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру тәртібін айқындайды.

ҚР Үкіметінің 2026.14.10. № 899 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 16 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту бойынша бекітілген жаратылыстану-ғылыми негіздемелерге сәйкес жүзеге асырылады.

Жер учаскелерін резервте қалдыру туралы шешiмдердi астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары қабылдайды.

 

 

2. Республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды

құру және кеңейту үшiн жер учаскелерiн резервте қалдыру тәртiбi

 

ҚР Үкіметінің 2026.14.10. № 899 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 16 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi, құзыретiне жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мәселелерi кiретiн астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары республикалық не жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту бойынша бекiтiлген жаратылыстану-ғылыми негiздемеге сәйкес астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшiн жерлердi резервте қалдыру туралы ұсыныстар (өтінішхаттар) дайындайды.

ҚР Үкіметінің 2026.14.10. № 899 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 16 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органы көрсетілген ұсыныстарды (өтінішхаттарды) қарау және қажетті материалдарды дайындау үшін құрамына астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органының, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдарының, жер қатынастары жөніндегі аудандық органның, мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың және басқа да мүдделі органдардың өкілдері кіретін комиссия құрады, ол жер учаскелерінің мүдделі меншік иелері мен жер пайдаланушылардың немесе олардың өкілдерінің қатысуымен республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін қаз-қалпында тексеріп шығады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесі комиссияның жұмыс органы болып табылады.

ҚР Үкіметінің 2026.14.10. № 899 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 16 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерiн тексеру нәтижелерi жер учаскелерiнiң жоспары (сызбасы) қоса тіркелген, комиссия мүшелерi және жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар немесе олардың өкiлдерi қол қоятын актiмен ресiмделедi.

Жер учаскелерін резервте қалдыру жоспары (сызбасы) жер қатынастары жөніндегі облыстық (аудандық) уәкілетті органдарда немесе мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарда бар жер кадастры мәліметтерінің негізінде жасалады.

Республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін резервте қалдырылатын жер учаскелерінің қазіргі жай-күйі бойынша материалдарды (жер-кадастрлық карта, аралас және бөтен жер пайдаланушылардың тізбесі, жерлер экспликациясы) комиссияға мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қатысуымен астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары береді.

Жоспарда (сызбада) жер учаскелерінің шекарасы шартты түрде немесе табиғи географиялық шептер бойынша айқындалады. Жер учаскелерінің дәл координаттары ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту бойынша техникалық-экономикалық негіздеменің құрамында орындалатын жерге орналастыру жобасын дайындау кезінде белгіленеді.

Актiде республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшiн резервте қалдырылатын жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, олардың алаңы, сапалық жағдайы, қорғау мен пайдаланудың ұсынылатын режимдерi, оларда ғимараттар мен құрылысжайлардың бар-жоғы және олардың бағалау құны, оларды шаруашылық мақсатта пайдалану режимiн шектеуге байланысты жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға залалдарды өтеуге арналған мемлекеттiк бюджеттiң ықтимал шығыстарын алдын ала бағалау туралы мәлiметтер көрсетіледі.

ҚР Үкіметінің 2026.14.10. № 899 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 16 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Комиссияның актiсi негiзiнде астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органының республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшiн жер учаскелерiн резервте қалдыру туралы шешiмi қабылданады, онда резервте қалдырылатын жер учаскелерiнiң шекаралары айқындалады, олардың орналасу схемасы мен экспликациясы берiледi, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн оларды пайдалану құқығына шектеулер (ауыртпалықтар) белгiленеді.