«Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қыркүйектегі № 925 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған
салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қыркүйектегі № 925 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 1122 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 қазандағы № 1371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

2. Орталық атқарушы және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

Жоспардың тиісті және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 10 қаңтар мен 10 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын 30 қаңтар мен 30 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. «Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 қазандағы № 1371 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 480-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

қаулының мәтініндегі және көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасының 4-тармағындағы «Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөніндегі агенттігіне», «Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі», «Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне», «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі», «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 27 қыркүйектегі

№ 925 қаулысымен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға

арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға

арналған іс-шаралар жоспары

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

Еңбекмині       - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

МАМ             - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

ЭБЖМ            - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

СІМ             - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

ІІМ             - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Әділетмині      - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

БҒМ             - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

МҚА             - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

СА              - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

ҰҚК             - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті