Қазақстанда әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешендерін қалыптастыру және қазақстандық
алғашқы мұнай-химия кешенін құру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 989 Қаулысы
(2010.18.10. берілген өзгерістермен)
Қосылған құны жоғары экспорттық мұнай-химия өнімін шығара отырып, көмірсутек шикізатын терең өңдеу жөніндегі әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешендерін құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстанда әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешендерін қалыптастыру және қазақстандық алғашқы мұнай-химия кешенін құру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының өзге де орталық атқарушы органдары мен «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Жоспардың іс-шараларының уақтылы және тиісінше орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.18.10. № 1072 Қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 13 қазандағы
№ 989 қаулысымен
бекітілген
Қазақстанда әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешендерін
қалыптастыру және қазақстандық алғашқы мұнай-химия кешенін
құру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескертпе: