«Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 404 бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім
беретін білім беру ұйымдарында қашықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру
ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
2006 жылғы 19 шілдедегі № 404 бұйрығы

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 590 Бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын орындаудың Желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі бекітілсін.

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (М. Нұрғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

Министрдің

міндетін атқарушы

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігінің

2006 жылғы 19 шілдедегі

№ 404 бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары,

қосымша кәсіптік білім беретін білім беру

ұйымдарында қашықтық нысаны бойынша

оқытуды ұйымдастыру ережесi

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.