Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 590 Бұйрығы (күші жойылды)

Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 590 Бұйрығы

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 169 Бұйрығымен күші жойылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5 бабы 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процессін ұйымдастыру ережесі бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2006 жылғы 19 шілдедегі № 404 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 4348) тіркелген күші жойылсын.

3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (C.Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

 

 

Министр

Ж. Түймебаев

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2007 жылғы 24 қарашадағы

№ 590 бұйрығымен бекітілген

 

 

Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша

оқу процесін ұйымдастырудың

ЕРЕЖЕСІ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастырудың тәртібін анықтайды және жүзеге асырады.

2. Қашықтықтан білім беру технологиялары мынадай үш негізгі технологиялар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:

1) желілік технология (автономды желілік курстар немесе виртуалды кафедралар, Интернетті пайдаланатын университеттер);

2) кейс-технологиялар негізінде қашықтықтан оқыту;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.