«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығын мерекелеу туралы»
Алматы қаласы Әкімдігінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 6/1197 қаулысы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 267-II «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес Алматы қаласынының Әкімдігі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 15 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған іс-шаралар жоспары бекітілсін (бұдан әрі - Жоспар).
2.Аудан әкімдері, қалалық құрылымдардың басшылары Жоспарға сәйкес іс-шаралардың дайындалуын және оның уақытылы өткізілуін қамтамасыз етсін.
З.Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары С.Т. Сейдумановқа жүктелсін.
Алматы қаласының Әкімі | И. Тасмағамбетов |
Әкімдік хатшысы | К. Тәжиева |
2006 жылғы 13 қазандағы
№ 6/1197 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығын мерекелеуге
дайындалу және өткізу шараларының
ЖОСПАРЫ
№ | Шаралар | Мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1. | Ақпараттық насихаттық топтардың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығын, ҚР Президентінің „Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы" Жолдауын, „Қазақстан-2030" Стратегиясын насихаттау жұмысын жандандыру | Қазан айы -бұдан әрі тұрақты | Аудан әкімдері А.Ғ. Балаева |
2. | ҚР Тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған шараларды жария етудің медиа-жоспарын жасап, бекіту, оның орындалуын қамтамасыз ету | Қазан айы - бұдан әрі тұрақты | С.Т.Сейдуманов А.Ғ. Балаева Қ.Қ. Сәрсенбай Э.Р. Пашина С.А. Мұстафина |
3. | Қазақстанның тәуелсіз даму кезеңіндегі жетістіктерін насихаттауға бағытталған, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференциялар, мәжілістер, „дөңгелек үстелдер", семинарлар және басқа да шаралар өткізу | Қазан айы -бұдан әрі тұрақты | С.Т.Сейдуманов Аудан әкімдері қалалық құрылымдардың басшылары „Отан" РСП (келісім бойынша) |