«Алматы қаласының әкімі жанындағы Әкімшілік реформа жөніндегі
ведомствоаралық комиссия құру туралы»
Алматы қаласы Әкімдігінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 6/1182 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 қыркүйектегі «Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру шараларының жоспары туралы» № 66 өкімін орындау үшін Алматы қаласы әкімдігі қаулы етеді:
1. Алматы қаласының әкімі жанындағы Әкімшілік реформа жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Ұсынылып отырған Комиссия туралы Ереже бекітілсін.
3. Алматы қаласының әкімі Комиссияның дербес құрамын Алматы қаласы мәслихатының бекітуіне заңда белгіленген тәртіпке сәйкес ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.
Алматы қаласының Әкімі | И. Тасмағамбетов |
Әкімдік хатшысы | К. Тәжиева |
2006 жылғы 10 қазандағы
№ 6/1182 қаулысымен бекітілді
Алматы қаласы әкімі жанындағы Әкімшілік реформа жөніндегі
ведомствоаралық комиссия туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Алматы қаласының әкімі жанындағы Әкімшілік реформа жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) - консультативтік-кеңесші орган және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 қыркүйектегі «Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру шараларының жоспары туралы» № 66 өкімін орындау мақсатында атқарушы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру үшін құрылды.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президенттің, Үкіметтің актілерін, қала әкімінің шешімдерін, осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері
3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар:
1) қаладағы мемлекеттік атқару органдарының мемлекеттік басқару органдарының жүйесін жетілдіруге бағытталған қызметін ведомствоаралық үйлестіру;
2) Алматы қаласындағы әкімшілік реформаның жүргізілуін талдау;