«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 20 қазандағы № 300-ө Өкімі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру
дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі
шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 20 қазандағы
№ 300-ө Өкімі

 

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

2. Мемлекеттік органдар:

1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдасын, қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін және жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі уәкілетті органды хабардар етсін.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2006 жылғы 20 қазандағы

№ 300-ө өкімімен

бекітілген

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан

Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңын іске асыру

мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық

кесімдердің тізбесі

 

 

Ескертпе:

 

ЭБЖМ           - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік

                 жоспарлау министрлігі

ИСМ            - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда

                 министрлігі

ТЖМ            - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар

                 министрлігі

Қорғанысмині   - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

ДСМ            - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Еңбекмині      - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

                 әлеуметтік қорғау министрлігі