«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру
дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі
шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 20 қазандағы
№ 300-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдасын, қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін және жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі уәкілетті органды хабардар етсін.