Гидрометеорология қызметі органының және (немесе) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қолайсыз табиғат құбылысы фактісін растайтын анықтамасының үлгі нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1032 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 802 Қаулысымен күші жойылды
«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған гидрометеорология қызметі органының және (немесе) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қолайсыз табиғат құбылысы фактісін растайтын анықтамасының үлгі нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.