Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 Қаулысы
(2022.30.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1413 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1413 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiлiп отырған:
1) өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесi;
2) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Омыртқасыз жануарлар түрлерінің Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізуге арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 маусымдағы № 573 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 18, 165-құжат);
2) «Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 408 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 10, 10-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.