Оралмандардың 2005-2007 жылдарға арналған көшiп келу квотасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1508
Жарлығы
Осы редакция 2006 ж. 4 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес, оралмандар отбасыларының қоныс аударуы мен жайластырылуын ұйымдастыру, сондай-ақ оралмандар үшiн жаңа орында қажеттi өмiр сүру жағдайларын жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған оралмандардың 2005-2007 жылдарға арналған көшiп келу квотасы қосымшаларға сәйкес әрбiр күнтiзбелiк жылға 15000 отбасы мөлшерiнде белгіленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Yкіметі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, көшiп келу квотасына енгiзiлген оралмандарды қабылдауды, жайластыруды және орналасқан жерлерiнде олардың бейiмделуi үшiн жағдай жасауды қамтамасыз етсiн, сондай-ақ өзiнiң тарихи отанына мемлекеттің қаржылай қолдауынсыз қайтып орала алмайтын ұлты қазақ адамдарды ұйымдасқан түрде көшiрiп алуды жүзеге асырсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
| Президенті |
|
|
|
| Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің
2004 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1508 Жарлығына
1 қосымша
Оралмандардың 2005 жылға арналған
көшіп келу квотасы (отбасы)