«Монополиялық кірісті анықтау жөніндегі ережені және монополиялы жоғары және монополиялы төмен бағаны белгілеу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитеті Төрағасының 2006 жылғы 7 қарашадағы № 252-НҚ Бұйрығы (күші жойылды)

Монополиялық кірісті анықтау жөніндегі ережені және монополиялы жоғары
және монополиялы төмен бағаны белгілеу жөніндегі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитеті Төрағасының 2006 жылғы 7 қарашадағы № 252-НҚ Бұйрығы

 

ҚР Бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының (Монополияға қарсы агенттік) 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 424-НҚ бұйрығымен 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

 «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Мына қоса берілген:

Монополиялық кірісті анықтау жөніндегі ереже;

Монополиялық жоғары және монополиялы төмен бағаны белгілеу жөніндегі ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің Ішкі әкімшілік ету басқармасы осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті Төрағасының орынбасары Ж.М. Қожахметовке жүктелсін.

4. Осы бұйрық ол алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Төраға

Ә. Мәтішев

 

Қазақстан Республикасы

Индустрия және сауда министрлігі

Бәсекелестікті қорғау комитеті

Төрағасының 2006 жылғы 7 қарашадағы

№ 252-НҚ бұйрығымен бекітілген

 

Монополиялық кірісті анықтау ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Монополиялық кірісті анықтау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» (бұдан әрі - Заң), «Жосықсыз бәсеке туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

Осы Ереженің мақсаты монополиялық кірісті есептеу тәртібін айқындау болып табылады.

2. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар мен терминдер заңдарда айқындалатын мағыналарда пайдаланылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.