«Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық
материалдар ұсыну кестесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі
№ 82-ө Өкімі
(2006.20.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2006 ж. 17 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 24 қыркүйектегі № 228-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жүктелсін.
Премьер-Министрінің
2006 жылғы 4 сәуірдегі
№ 82-ө өкіміне
қосымша