«Алматы қаласының бұқаралық жеке тұрғын үй құрылысының аудандарында жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеу мәселесі бойынша комиссия туралы» Алматы қаласы әкімінің 2005 жылғы 24 тамыздағы № 179-ө Өкімі (2006.24.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Алматы қаласының бұқаралық жеке тұрғын үй құрылысының аудандарында жер учаскелеріне
құқықтарды ресімдеу мәселесі бойынша комиссия туралы
Алматы қаласы әкімінің 2005 жылғы 24 тамыздағы № 179-ө Өкімі

(2006.24.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

1. Алматы қаласының бұқаралық жеке  тұрғын үй құрылысының аудандарында жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеу мәселесі бойынша комиссия кұру.

2. Қосымшаларды бекіту:

Алматы қаласының бұқаралық жеке тұрғын үй құрылысының аудандарында жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеу мәселесі бойынша комиссия туралы ережелер;

Алматы қаласының бұқаралық жеке тұрғын үй құрылысының аудандарында жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеу мәселесі бойынша комиссиясының құрамы.

 

Алматы қаласының әкімі

И. Тасмағамбетов

 

1 қосымша

Алматы қаласы Әкімінің 2005 жылғы

24 тамыздағы № 179-Ө

өкімімен бекітілді

 

 

Алматы қаласындағы жаппай жеке үйлер салынып жатқан аудандарда жер телімдеріне арналған

құқықтарды ресімдеу мәселелері бойынша комиссия туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Алматы қаласындағы жаппай жеке үйлер салынып жатқан аудандарда жер телімдеріне арналған құқықтарды ресімдеу мәселелері бойынша комиссия (әрі қарай -Комиссия) - мемлекеттік органдардың және басқа да мүдделі ұйымдардың Алматы қаласындағы жаппай жеке үйлер салынып жатқан аудандарда жер телімдеріне арналған құқықтарды ресімдеу мәселелері жөніндегі өзара іс-әрекетін үйлестіруші орган.

2. Комиссияның қызметі жер телімдеріне арналған құқықтарды беруге, жер телімдерін сатуға немесе жалдау құқығына және мемлекеттің қажеттіліктері үшін Алматы қаласындағы жер телімдерін алуға байланысты қатынастарда қолданылмайды.

3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, осы Ережені басшылыкқа алады.

 

 

2. Комиссияның міндеттері және функциялары

 

4. Комиссияның міндеттері:

1) жер қатынастары саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру туралы ұсыныстарды дайындау;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.