Телекоммуникация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған инвестициялық тарифті (бағаны, алым ставкасын) есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 31 тамыздағы № 215-НҚ бұйрығы
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 20 маусымдағы № 178-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының4)тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Телекоммуникация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған инвестициялық тарифті (бағаны, алым ставкасын) есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О. Есіркепов):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П. Нефедовқа жұктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігініңтөрағасы |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және байланыс
комитетінін төрағасымен келісілген
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2006 жылғы 31 тамыздағы
№ 215-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Телекоммуникация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін
қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған
инвестициялық тарифті (бағаны, алым ставкасын) есептеу әдістемесі
1. Жалпы ережелер