«Алматы қаласының базарларындағы сауда қызметін бақылайтын жұмыс тобын құру туралы» Алматы қаласы Әкімдігінің 2006 жылғы 29 мамырдағы № 2/698 қаулысы

«Алматы қаласының базарларындағы сауда қызметін бақылайтын
жұмыс тобын құру туралы»
Алматы қаласы Әкімдігінің 2006 жылғы 29 мамырдағы № 2/698 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарына сәйкес, Алматы қаласының базарларында қалыптасқан шұғыл реттеуді қажет ететін жағдайларға байланысты Алматы қаласының әкімдігі қаулы етеді:

1. Алматы қаласының базарларындағы сауда қызметін бақылайтын жұмыс тобы құрылсын (әрі қарай мәтін бойынша - жұмыс тобы).

2. Ұсынылған жұмыс тобының құрамы бекітілсін.

3. Жұмыс тобы жұмыстардың қорытындысы бойынша 2006 жылғы 20 маусымға дейін Алматы қаласының базарларындағы сауда қызметін жетілдіру, сонымен бірге базарларда сауда жасайтын адамдардың бюджетпен есеп айырысуының дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарын ұсынсын.

4. Алматы қалалық Салық комитеті (Қ.Е. Баеділов) (келісімі бойынша) :

1) 2006 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде Алматы қаласының әрбір базарында сауда жасайтын адамдардың саны, сондай-ақ 2005 жылға және 2006 жылдың бірінші тоқсанына арналған бір жолғы талон бойынша жиымның сомалары туралы ақпаратты ұынсын;

2) екі күндік мерзімде жұыс тобы оның талаптарына сәйкес қызметін қамтамасыз етуге қажетт ақпаратты ұсынсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.С. Сманқұловқа жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі

И. Тасмағамбетов

 

Әкімдік хатшысы

К. Тәжиева

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2006 жылғы 29 мамырдағы № 2/698

қаулысымен бекітілді

 

Алматы қаласының базарларындағы сауда қызметін

бақылайтын жұмыс тобының құрамы

 

1. Асқар Сұлтанұлы Сманқұлов

Алматы қаласы әкімінің орынбасары, жетекші

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.