“Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік
рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөніндегі комиссия құру туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 наурыздағы № 219 Қаулысы
(2006.20.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыруға тұжырымдамалық қағидаттарды iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. "Лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 4 наурыздағы № 268 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 11, 143-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.