«Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1200 Қаулысы

«Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар
жоспарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1200 Қаулысы

 

«Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1019 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Жоспар іс-шараларының іске асырылуын қамтамасыз етсін және Алматы қаласының әкіміне жылына екі рет, жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 20 қаңтарға және 20 шілдеге қарай оның орындалу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.

3. Алматы қаласының әкімі жылына екі рет, жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 1 ақпанға дейін және 1 тамызға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсімовке жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 14 желтоқсандағы

№ 1200 қаулысымен бекітілген

 

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2003-2010 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ

2006-2008 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ