2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі) (ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 33-40-қосымшалар) (үзінді) (2007.25.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 33-40-қосымшалар)
(үзінді)

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мыналардың:

33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 40-1-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

33-ҚОСЫМША

 

202 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Төтенше жағдайлардың алдын алу, жою және мемлекеттік

материалдық резерв жүйесін басқару саласындағы уәкілетті

органның қызметін қамтамасыз ету»

деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 5296528 мың теңге (бес миллиард екі жүз тоқсан алты миллион бес жүз жиырма сегіз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңы; «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңы; «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «Авариялық құтқару қызметтері және құтқарушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңы; «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы заңы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі комитеттерінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 626 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: төтенше жағдайлардың алдын алу және мемлекеттік материалдық резервті құру мен дамытуды қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқару.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:

а) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;

б) - 250 адамның, оның ішінде: аумақтық органдардан 225 адамның кәсіби деңгейін көтеру;

- 1776 адамға, оның ішінде: аумақтық органдардан 1641 адамға мемлекеттік тілді оқытып-үйрету.

Түпкі нәтиже:

а) төтенше жағдайлар оқиғаларын азайту, төтенше жағдайлардың алдын алатын жұмыс істеп тұрған жасақтарды күшейту;

б) мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін 17,3 пайызға, мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілді оқытып-үйретуді 44,3 пайызға арттыру қажеттілігін қамтамасыз ету.

Қаржылық-экономикалық нәтиже:

1) республикалық бюджеттің қаражатын тиімді бөлу;

2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеуге - 44300,0 мың теңге, өрт қауіпсіздігі саласында - 8185,0 мың теңге;

3) бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 31,1 мың теңге.

4) бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді оқытып-үйретуге кететін орташа шығын - 13,1 мың теңге.

Сапасы:

а) төтенше жағдайлардың алдын алуға, оларды жоюға белгіленген регламент шеңберінде дер кезінде ден қою;

б) адам факторларына байланысты төтенше жағдайлар санының, қаза болғандар мен зардап шеккендердің, сондай-ақ өрттердің, өндірістік объектілердегі және жеке меншік секторларындағы апаттардың нәтижесіндегі материалдық залалдың өсуін азайту;

в) қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес, кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; мемлекеттік тілді оқып-үйрену курсына бітіргеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудегі үлесі - 44,3 пайыз; біліктілігін арттыру курсын өткеннен кейін жоғары лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 6,2 пайыз.

Уақтылығы: іс-шараларды жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асыру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

34-ҚОСЫМША

 

202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды

жоюды ұйымдастыру»

деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.17.08. № 704 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 17640678 мың теңге (он жеті миллиард алты жүз қырық миллион алты жүз жетпіс сегіз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңы; «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңы; «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «28237, 52859, 68303 әскери бөлімдерін Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабына бағындыру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 сәуірдегі № 264 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 наурыздағы № 400 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Республикалық дағдарыс орталығы мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 қаңтардағы № 40 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының халқын, шаруашылық объектілері мен аумағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі және олар туындаған кезде қорғауды қамтамасыз ету және халыққа жедел көмек көрсету; авариялық-құтқару күштерінің ұдайы дайындықты және төтенше жағдайларға уақтылы ден қоюды тұрақты және үздіксіз басқаруды қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: дүлей зілзала, авариялар мен апаттар нәтижесінде зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету;

бейбіт уақыттағы төтенше жағдайларда іс-қимылдарға жоғары дайындықты қамтамасыз ету, апат аудандарына және берілген жауынгерлік міндеттер орындалатын аудандарда авариялық-құтқару қызметтерінің жедел ден қоюы, уақтылы баруы; жетуі қиын аудандарда, қиындығы жоғары объектілерде құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

ақпараттарды уақтылы және тұрақты түрде қабылдау және жедел өңдеу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы мемлекеттік басқару органдарымен үздіксіз және тиімді байланысты қамтамасыз ету;

қадағалау және хабардар ету қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; мониторинг және сел қауіпі бар объектілер мен сел ағындарын бақылау;

табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде уақтылы ден қою үшін арнайы техникалық құралдардың дайындығын қамтамасыз ету;

төтенше жағдайларды жою кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге құтқарушылардың дайындық деңгейін арттыру;

өрт қауіпсіздігі, өрттің алдын алу мен оларды жою саласындағы, шаруашылық ету объектілері мен тұрғын үйлердің өртке қарсы қорғанысын арттыру бойынша жұмыстарды жетілдіру;

төтенше жағдайлардың салдарларын жою бойынша іздестіру-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жедел жүргізу.

ҚР Үкіметінің 2007.17.08. № 704 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелер:

Құтқарушылар азық-түлікпен, дәрі-дәрмектермен, заттай киім-кешектермен қамтамасыз етілді, ғимараттарға, жабдықтарға және басқа да негізгі құралдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

- Алматы қ. ӨЖҚЖ ММ күрделі жөндеу жүргізілді; 1 ауа қабы бар кеме, 1 амфибия жол талғамайтын көлігін, сүңгуір жарақтары мен аспабын, авариялық-құтқару аспаптары мен жабдықтары, ұйымдастыру техникасының жинағы сатып алынды;

- 52859-әскери бөліміне күрделі жөндеу жүргізілді; 1 құтқару жабдығы, 5 автомобиль техникасы, оның ішінде: Камаз, базасындағы отынқұйғыш, КС Краны, Камаз (өзі түсіретін) базасындағы автокөлік, ПАЗ базасындағы жеке құрамды тасымалдау үшін ОСА; спорттық заттар, байланыс мүлігін, тыл жабдығын; техникалық құралдар; санитарлық бөлім жабдығы сатып алынды.

- ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілді және ОӨАЖҚЖ аумағы көгалдандырылды; 6 автокөлік құралдары, оның ішінде: 4 бірлік Нива "Марш", Камаз автомобилі, қарда жүретін автоприцеп; авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтары; сүңгуір құралдары мен жабдықтары; байланыс құралдары; тіршілікпен қамтамасыз ету құралдары; кинологиялық қызмет жабдықтары сатып алынды;

- бейнеконференц байланысының 2 жинағы, конференц жүйесінің 2 бейнекамерасы, 1 принтер, 1 түрлі түсті көшіру аппараты, 2 ноутбук, плоттер, жерсеріктік терминал, желілік сымсыз жабдықтар жинағы сатып алынды;

- жер сілкінісін қысқа мерзім ішінде болжауды қамтамасыз ету жөнінде аэрошолу, алдын алу, жарылыс және гидрометеорологиялық сипатын айқындау жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: 1 экскаватор, 1 жүк тиегіш, 1 бульдозер, 1 автокран, Камаз базасындағы 1 бетон сорғыш, өзі түсіретін 3 КАМАЗ 6520, НЕФАЗ 2 тіркемесі, 1 автокөлік гидравликалық көтергіш, 2 мотопомпа, 1 автогрейдер, МТЗ базасындағы 1 бар машинасы, МТЗ базасындағы 1 қар жинайтын машина, электр станцияларын 2 жинағы, 15 жеделқызметтік автомобилі, байланыс құралдары мен жабдықтары, гидрометеорологиялық аспаптары; ұйымдастыру техникасы мен жабдықтар жинағы сатып алынды;

- авиация техникасын ұстау жөніндегі қызмет көрсетулер қамтамасыз етілді, 1 отын құятын орын сатып алынды;

- республикалық (халықаралық) "Қазқұтқару" жиын-семинары жүргізілді және оған 335 құтқарушыны қатыстыру қамтамасыз етілді;