Су объектiлерiн кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу ережесін және
кеме жүзуi үшiн ашық кеме жүретiн су жолдарының тізбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 105 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнiң 105-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Су объектiлерiн кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу ережесi;
2) Кеме жүзуi үшiн ашық кеме жүретiн су жолдарының тiзбесi бекітілсiн.
2. "Су жолдарын кеме жүзетiн жолдар санатына жатқызу тәртібi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 тамыздағы № 931 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 29 қаңтардағы
№ 105 қаулысымен
бекітілген
Су объектiлерiн кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу
Ережесі
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес әзiрлендi және су объектілерін кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу тәртiбін белгiлейдi.
2. Олар бойынша жүк пен жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру мүмкін болатын әрi орынды су объектiлерi кеме жүзетiн су жолдары санатына жатады.
3. Iшкi су жолдары навигация кезеңiнің белгiленген мерзiмiнде олардың тиесілілігі мен меншiк нысанына қарамастан кемелердiң iркіліссiз әрi қауiпсiз жүзуi үшiн кеме жүзуінің тиiстi габариттерін, кеме жүзетiн гидротехникалық құрылыстардың (шлюздердiң) жұмыс iстеуiн, су жолдарын пайдалану кезінде экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз етуi тиiс.
4. Су жолдары арқылы жүк пен жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру мүмкiндiгін әрi орындылығын көлiк, коммуникация кешенiнде басшылық пен салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы (бұдан әрi - орталық атқарушы орган) айқындайды.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.