Резиденттер кірістерінің төлем көзінен ұсталған корпорациялық табыс салығы сомасының есебін жасау ережелері (101.05 нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР  Қаржы министрлігі  2007 жылғы 19 желтоқсандағы  № 468  бұйрығымен  2008 ж. 1 қаңтардан   бастап күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2006 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 637 бұйрығымен бекітілген

 

 

Резиденттер кірістерінің төлем көзінен ұсталған корпорациялық табыс салығы сомасының
есебін жасау ережелері
(101.05 нысан)
 
Жалпы ережелер

 

1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және резидент кірістерінің төлем көзінен ұсталған корпорациялық табыс салығының сомасын, кірістерді төлеген салық агентінің есептеуіне арналған резиденттер кірістерінің төлем көзінен ұсталған корпорациялық табыс салығы сомасының Есебін (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін көздейді.

2. Есепті жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қалам немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.

5. Тиісті қосымша нысанның көрсеткіштерін ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде аталған қосымша нысандар міндетті тәртіпте толтыруға жатады.

6. Қосымша нысандардардың «Жалпы ақпарат» бөлімінде Есептің «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

7. Есепті беру кезінде:

1) қағаз тасығышта келу тәртібімен Есеп екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) тапсырысты хатпен қағаз тасығышта почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;

3) Салық кодексінің 69-бабындағы 8-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде салық төлеуші Есепті жеткізу туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.