ҚР Қаржы министрлігі 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен 2008 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығымен бекітілген
Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемнің
ағымдағы төлемдер сомаларының есебін жасау
ережелері
(881.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоса берілген нысандарды енгізетін (бұдан әрі - нысандар) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемнің ағымдағы төлемдер сомасының есебін жасау тәртібін қарастырады:
1) 881.00 нысан бойынша радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемнің ағымдағы төлемдер сомаларының есебі (бұдан әрі - 881.00 нысан бойынша есеп);
2) 881.01 нысан бойынша радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемнің ағымдағы төлемдер сомалары есебіне қосымша (бұдан әрі - 881.01 нысан бойынша қосымша).
2. 881.00 нысаны бойынша радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемнің ағымдағы төлемдер сомаларын айқындауға арналған.
881.01 нысаны бойынша қосымша әрбір радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттық құжат бойынша радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем сомасын айқындауға арналған.
3. Әртүрлі ставкалар бойынша есептелетін радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем салық төлеушіде радиобайланыстың әртүрлі түрлеріне радиожиілік спектрін пайдалануға бірнеше рұқсаттық құжат болған жағдайда 881.01 нысаны бойынша қосымшаның жеке парағы толтырылады. Бұл ретте, 881.01 нысаны бойынша қосымшаның жалпы парақтарының саны радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттық құжаттардың санына сәйкес келуі керек.
1) қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.