Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығымен бекітілген
Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер Есебін жасау
ережелері
(701.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 12 бөліміне сәйкес әзірленген және салық төлеушілердің салық кезеңінің басында өздерінде бар салық салу объектілері бойынша жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу және уақтылы төлеуге арналған жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебін (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды.
1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.
5. Сомалардың теріс мәні тиісті жолдың бірінші сол жақ ұяшығында “ - ” таңбасымен белгіленеді.
1) қағаз тасығышта келу тәртібімен екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) хабарламамен тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;
3) Кодексінің 69-бабындағы 8-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде салық төлеуші Есепті қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.
7. Есепке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.
8. Лизинг шарттары бойынша берілген (алынған объектілер бойынша) Есепті лизинг алушы толтырады.
2. Есепті жасау (701.00-нысан)
9. “Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат” бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2) Есеп берілетін салық кезеңі;
3) салық төлеушінің толық атауы және (немесе) аты-жөні;
4) ЭКЖЖ коды.