ҚР Қаржы министрлігі 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен 2008 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Салық
комитеті Төрағасының
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығымен бекітілген
Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына арналған
ренталық салық бойынша декларацияны жасау ережесі
(570.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және салық төлеушінің ренталық салықты есептеуге арналған Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына ренталық салық бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды.
2. Декларация Декларацияның өзінен (570-нысан) және экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына ренталық салық бойынша салық салу объектілері туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (570.01, 570.02 нысандар) тұрады.
3. Декларацияны жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта - қалам не қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
4. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге, тазалауға жол берілмейді.
5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.
6. Қосымшаларда көрсетілуге жататын деректер жоқ болған жағдайда аталған қосымшалар берілмейді.
Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол жақтағы тор көзінде « - » белгісімен белгіленеді.
1) қағаз тасығышта келу тәртібімен - нысандар екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) тапсырысты хатпен қағаз тасығышта хабарламамен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;
3) Салық кодексінің 69-бабы, 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде - салық төлеуші декларацияны қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.